Тиімді алмасу: әскери зейнеткерлерге ескі пәтерлерін жаңаға айырбастау ұсынылды

Шымкент гарнизонының әскери зейнеткерлеріне тұрғын үй заңнамасындағы өзгерістер түсіндірілді.

 

Қызметін аяқтаған әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету басты мәселе болған кездесуге оқшауланған әскери қалашықтарда тұратын зейнеткерлер келді.

Кездесуге тәрбие құрылымдарының офицерлері, әскери бөлімдер мен мекемелердің заңгерлері, гарнизонның әскери прокуратурасының өкілдері және йҚК Ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің мүшелері қатысты.

Шымкент гарнизонының аудандық пайдалану бөлімінің өкілі Тоты Асаубекова зейнетке шыққан әскери қызметшілерге қатысты қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді.

— 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша он жылдан астам, бірақ жиырма жылдан аз еңбек сіңірген әскери зейнеткерлер алып отырған тұрғын үйді қалдық құны бойынша жекешелендіруге құқылы. Сондай – ақ оларға әскери қалашықтағы тұрғын үйді Қазақстанның кез келген өңіріндегі мемлекеттік тұрғын үй қорында тұрған пәтерге ауыстыруға және оның қалдық құны бойынша алуға мүмкіндік берілген, — деп атап өтті Тоты Асаубекова.

Запастағы прапорщик Бекзада Шылымбетов жиналғандарға Нұр-Сұлтандағы пәтердің иегері атанғаны туралы айтып берді.

— Артымда 18 жыл 9 ай еңбек өтілімін бола тұра, мен де зейнетке өз үйімсіз шықтым. Арыс қаласының әскери қалашығында тұруға қалдым. Гарнизонның аудандық пайдалану бөлімінің өкілдері маған қызметтік тұрғын үйді Нұр-Сұлтан қаласындағы пәтерге ауыстыруды ұсынды, оны қалдық құны бойынша жекешелендіре аламын, деді. Мен бұл нұсқаға келістім, енді отбасыммен елордадағы үлкен және әдемі пәтерде тұрамын, — деп бөлісті Бекзада Шылымбетов.

Кездесу соңында әскери зейнеткерлерге қызметтік тұрғын үйді алмасу шарртары көрсетілген брошюралар, сондай-ақ осы құқықты іске асыру үшін қажетті құжаттар тізімі таратылды.

 

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Комментарий (0)
Добавить комментарий