Новости на Newstaraz.

Асқар Ақаев Қаңтар оқиғасы туралы пікірін айтты

newstaraz.kz

Асқар Ақаев Қаңтар оқиғасы туралы пікірін айтты

19 маусымда Алматыдағы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткен лекциядан соң Азаттық тілшісінің Қазақстандағы Қаңтар оқиғасы туралы сұрағына жауап берген Қырғызстанның бірінші президенті Асқар Ақаев «халықтың дамудың жаңа сатысына өтуге талпынысы – табиғи процесс» деді.

— Меніңше, кез келген халық, кез келген ұлт уақыт өте дамудың жаңа сатысына өтуге талпынады. Бұл – табиғи процесс. Егер ел басшылары алдын ала алса, кейде әлеуметтік наразылықтарсыз да жүзеге асады. Ел басшылары уақыт ағымына ілесе алмаса, халық наразылыққа шығады. Менің ойымша, осы оқиға референдумға жеткізді, референдум арқылы Қазақстан халқы гүлденген, әділетті, күшті екінші республика құру жөнінде биік мақсат қойды,- деді ол.

1990-2005 жылдары Қырғызстан президенті болған Асқар Ақаев 2005 жылы 24 наурыздағы «Қызғалдақ төңкерісі» кезінде биліктен кетіп, Мәскеуден саяси баспана алған. Кейін бұл әрекетін «Өз халқыма оқ атпау – басты ұстанымым» деп түсіндірген.

Қазір Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті жанындағы күрделі жүйелерді математикалық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері болып жүрген Асқар Ақаев әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Көне дәуірден бергі демографиялық көрсеткіш және адамзат болашағы» деген тақырыпта лекция оқыды.

Асқар Ақавтың лекциясына шетел дипломатиялық өкілдіктері және ҚазҰУ оқытушылары мен Қазақстанның өзге де ғалымдары, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

Асқар Ақаев биліктін кеткен соң үстінен қылмыстық іс қозғалған. Ол 2021 жылы тамызда және желтоқсанда Қырғызстанға алғаш рет келіп, «Құмтөр ісі» бойынша Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) сұрақтарына жауап берген. Оның әріптесі Бекболат Талғарбеков тергеу органдары оған тағылған айыптардың барлығын алып тастағанын хабарлаған.

2021 жылы желтоқсанда (ҰҚМК) 21 қазанда бұрынғы президент Асқар Ақаевқа тағылған айыптардың барлығы алынды деген ақпаратты терістеп, оған жаңа айып тағылғанын мәлімдеген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »