Новости на Newstaraz.

Астанада Тоқаев өткізген кеңейтілген жиында Маңғыстаудағы жұмыссыздық жайы да айтылды

newstaraz.kz

19 сәуірде таңертеңгі сағат 10-да Астанада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен кеңейтілген жиын басталды. Оған үкімет мүшелері, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстар мен аудандардың әкімідер және жергілікті мәслихаттар хатшылары шақырылған.

Жиында сөйлеген премьер-министр Әлихан Смайылов биыл бірінші тоқсанда елде ЖІӨ-нің нақты өсуі 4,9 пайыз болғанын хабарлады.

– Биыл Жаңаөзен қаласында жалпы қуаты 900 млн текше метр жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталады, – деді Смайылов.

Ол «кейінгі төрт аптада елде әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттаған жоқ, наурызда инфляция төмендеді» деп мәлімдеді.

12 сәуірден бастап бөлшек саудада жанармай бағасы өскен. Энергетика министрі АИ-92 маркалы бензиннің литрі 205 теңгеден, бір литр дизель отыны 295 теңгеден аспасын деген бұйрық шығарған. Бірқатар аймақта наразылық туғызған жанармайдың қымбаттауын Тоқаев бүгінгі жиында амалсыз шара деп атады.

«Түскен қаржыны делдалдар, яғни алыпсатарлар иемденіп кетпеуі керек. Оны жаңа мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға және мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға жұмсау керек» деді президент.

Астанадағы жиын Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесі бойынша наразылық күшейіп тұрған шақта өтіп жатыр. Өткен аптада Жаңаөзеннен Астанаға арнайы келіп, тұрақты жұмыс тауып беруді талап еткен жұмысшыларды билік күш көрсетіп ұстап, пойызбен үйіне қайтарған. Наразы мұнайшылар мен «ҚазМұнайГаз», энергетика, еңбек министрліктері және «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қоры өкілдері арасындағы келіссөз әлі біткен жоқ.

Сәрсенбіде Астанадағы кеңейтілген жиында сөйлеген вице-премьер Алтай Көлгінов елде мұнай-газ өндіретін кәсіпорындарға қызмет көрсететін компаниялармен еңбек келісімшарттарын 1 жылдан 3 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылып жатқанын мәлімдеді. Ол батыс өңірлерде еңбек мәселесі бойынша шиеленісті жағдай барын, «кейбір кәсіпорындарда қауіп сақталып отырғанын» айтты. Бірақ олардың атын атамады.

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев «биыл 39 мың жұмыс орны, соның ішінде 32,5 мың тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлап отырмыз» деп мәлімдеді. Ноғаев жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін облыс бюджетінен 1,4 млрд теңге бөлінгенін хабарлады.

Тоқаев «мұнай-газ саласына қарап отырған Жаңаөзенді дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылданғанын» айтты. «Мұнайшы болғысы келетін жастар көп, бірақ бұл дұрыс емес. Мұнай қоры таусылған кезде аймақтағы ахуал күрделі болып кетуі мүмкін» деді президент. Ақорда жұмыссыздық деңгейі жоғары моноқаланы дамыту үшін түрлі бағдарламалар қабылданғанын бұған дейін де бірнеше рет айтқан, бірақ жергілікті халық одан нәтиже аз деп сын айтады. Сарапшылар авторитар билік режимі нығайған кейінгі отыз жылда шешімін таба алмай қордаланған әлеуметтік проблемалар жалғыз Жаңаөзенде емес, басқа өңірлерде де көп дейді.

Сәрсенбі күнгі жиында Астананың әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың ауасын жақсарту үшін газдандыру жүріп жатқанын айтты. «Қазір 12 мыңнан астам абонент, №1 және №2 жылу орталықтарындағы 16 қазандық, 13 автономиялы жылу станциясы газға көшірілген» деді ол.

Қазақстандағы қалалардың сырт келбетіне көңілі толмайтынын айтқан Тоқаев Шығыс Еуропа, Балқан елдерін мысалға келтіріп, оларда «қала көркін жақсартуға қала билігі ғана емес, жергілікті тұрғындар да атсалысады» деді. Ол Астанадағы су тапшылығын «құрылыстың көбеюімен» байланыстырды. Бұл бір қаладағы ғана емес, тұтас аймақтағы ірі мәселе деп, халықты суды үнемдеуге шақырды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »