Австралияда екі метрлік жылан 6 жасар баланы жеп қоя жаздады
Австралиядағы Жаңа Оңтүстік Уэльсте қорқынышты оқиға орын алды.
Төсегінде ұйықтап жатқан 6 жасар Тайлерге ірі жылан шабуыл жасаған деп хабарлайды Қазақпарат.
Баланың қатты шошынған айқайынан оянған анасы ұлын алып жыланнан жұлып алды.
«Мен оның қолынан тарттым, әрең тартып алдым», — деп еске алады әйел сол қорқынышты түнді.
Кішкентай Тайлердің анасы өзінің інісін, ол досын және Тамараның ағасын оятты. Олардың бәрі алып жыланды ұстап алды. Жылан тістеген бала ауруханаға жеткізілді.
newstaraz.kz