Новости на Newstaraz.

Қазақстандықтардың 64 пайызы мектеп жасында жыныстық қатынасқа түскен

0

Қазақстандықтардың 64 пайызы жыныстық қатынасқа алғаш рет мектеп жасында түскен.

Мұндай нәтиже Қазақстандағы БҰҰ тұрғын халық саласындағы қоры (ЮНФПА) жүргізген зерттеу нәтижесінде анықталды деп хабарлайды Tengrinews.kz.

«2011 жылы ЮНФПА жастардың арасында зерттеу жүргізді. Зерттеу нәтижесі қазақстандықтардың 64,6 пайызының жыныстық қатынасқа мектеп жасында, яғни кәмелет жасына толмай тұрып түсетінін анықтады. Сонымен қатар, жастардың 13,6 пайызы алғашқы сексуалдық тәжірибеден 15 жасқа дейін өтсе, 50 пайызы 18 жасқа дейін өтеді. Жасөспірімдердің негізгі бөлігі тәуекелге бара отырып, жыныстық қатынасқа сақтанбай түседі. Мектеп жасындағылардың 40 пайызының екі немесе одан да көп жыныстық серіктесі бар», — деді Қазақстандағы БҰҰ тұрғын халық саласындағы қорының атқарушы өкілі Райымбек Сисемалиев.

Сонымен қатар, ол жүкті болған әйелдердің сауалнамаға жауап бергендерінің ішінде 62 пайызының түсік тастағанын, ал қалған 38 пайызының өмірге нәресте әкелгенін айтты. Райымбек Сисемалиевтің мәліметінше, жеткіншек қыздардың арасында туу көрсеткіші өте жоғары және бұл өсіп келе жатыр.

Ұйым өкілі жасөспірім кездегі жүктілікке Қазақстан бюджетінен 5 жылда 100 миллион доллардың жұмсалатынын айтты. Бұған баланың өмірге келген кезінде берілетін ақша мен жәрдемақы кіреді.

 


 

Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.