Новости на Newstaraz.

Болашаққа бағдар Рухани жаңғыру- ұлттық кодыңды сақта!

newstaraz.kz

Рухани құндылықтарымыздың негізі отбасылық дәстүрімізде жатқан жоқ па? Елбасымыз «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды»-деген жоқ па?  «Болашаққа бағдар рухани жаңғыру» атты мақаласында. «Отан отбасынан басталады» деген халқымыздың қарапайым қағидасы қай дәуірде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес.

Елбасымыз «Отбасы-Қазақстан қоғамының діңгегі, экономикадағы, мәдениеттегі, әлеуметтік саясаттағы барлық жаңа жетістіктерінің негізі» деп бұл мәселенің біздің қоғам үшін маңызын көрсетіп берді. Тәуелсіздік  жылдарында көптеген өздеріңіз куә болған бағдарламалық құжаттар қабылданды. Басқасын айтпағанда көпбалалы отбасыларға,тұрмысы төмен жанұяларға әлеуметтік қолдау көрсетіп келеді. Жыл сайын  еліміздегі ең үлгілі отбасыларды насихаттайтын «Мерейлі отбасы» байқаулары өткізілуде. Олар отбасылық құндылықтарды, отбасылық дәстүрлер, отбасы мәдениеті мен этикасын насихаттауда. «Әке- асқар тау, ана-мөлдір бұлақ, бала жағасындағы құрақ» деген  даналық сөз ұлттық тәрбиенің отбасылық өмірде атқарар ролін айқындағандай. Қазіргі жағдайда отбасылық құндылықтардың өкінішке орай құлдырап бара жатқанын көріп жүрміз. Некесіз бала, әжетханадан табылған бала, жасөспірім қыздардың аяғы ауыр болып қалуы, үйлене салып ажырасу деген біздің халыққа жат жағдайлар!

Статистикала сүйенсек  әр үш отбасының бір ажырасуда. Биылғы жылғы қалада ажырасу саны 40 пайызға, ауылдық жерде 27 пайызға жеткен, соңғы бес жылда тұрмыс құрғандарға қарағанда ажырасқандар саны көбейген.

«Ішіме сыйған бала-сыртыма сыяды» деген сұрқия сөз бізге қай дәуірден жетті екен! Ар-ұят, намыс деген ұғымды,  ұрпақ тағдырын неге биік қоймаймыз! Ал біздің кезімізде әжелеріміз «Шыққан қыз-шиден тысқары», «Қайта шапқан жау жаман, қайта келген қыз жаман», қыз тәрбиесіне байланысты «Қызға қырық үйден тыю, одан қалса есіктің алдыңдағы қара құлдан тыю», «Келінім саған айтам, қызым сен тыңда»- деуші еді. Ол кезде біз 5-6 жаста шығармыз, құлағымызға қатты сіңіп қалған, қандай жағдай болса да ажыраспай отбасын сақтауға тырысуымызға «Ұят» деген сөз қамшы болған сияқты!  Біз балаларымызға дұрыс тәрбие беруіміз керек, әр үй өз отбасын мықты ұстап балаларына дұрыс тәрбие берсе, қоғам да тәрбиелі болады.

Бүгінгі қыз, ертең ана. Баланың тағдыры  анаға тікелей байланысты. Жаңа туған сәбиңн балалар үйіне, немесе қоқысқа тастап кететін жағдайды құлағымыз естіп жүр. Бауыр еті баласын керексіз зат сияқты тастап кету үшін қандай адам болу керек? Қазіргі кезде еліміздегі балалар үйінде 7200 бала болса, оның 63 пайызының әке-шещесі бар екен, бұны қоғам тауқыметі деп қарау керек. Қызды тәрбиелеу- ұлтты тәрбиелеу деген сөз. Дүниенің бастауы имандылық дегеніміз салт дәстүр,мәдениетіміз бен әдебиетімізді тіліміз бен діліміздің тазалығын сылдырып аққан бұлақтың суындай кіршіксіз мөлдіретіп сақтауды жолға қою.

Қазақтың салт дәстүрін жастарға үйрету.Үлкенін ұлықтап өскен ел ойсырамайды, Халықтың қартын сыйлауы елінің салтын сыйлауы атты қағиданы бүгінгі ұрпағы естен шығармайды.

Ана балаға жастық, әке –көрпе. Өнегесі мол үлгілі отбасылардың қоғамға берер үлесі зор.Үй ішіндегі береке мен тыныштық, түсіністік пен сүйіспеншілік шаңырақ бақытын  жоғалтпаудың негізі.Саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған отбасылар отыр осы жерде.

Ұрпағымен өмірі  мәнді болған-ордалы отбасының берекесін тасытып  отырған көпбалалы отбасылар ауылда жетерлік. Ұл-ырысың, қыз өрісің  деп қазақ текке айтпаған. Болашаққа бағдар—рухани жаңғыру атта мақаласында Елбасы ұлттық кодыңды сақтай отырып өзгер дейді. 90 жылдардан бастап бүгінгі күнге дейінгі еліміздегі тыныштық болуының басты себебі халқымыздың кісілігінде. Осы бар жақсы қасиеттеріміздің жиынтығы болып табылатын, Кісілігіміз- ұлттық кодымыз.Елбасымыз бұл мақаласында отбасынан бастап Отанды сүю, туған өлкеңнен бастап тарихыңды білу, бір сөзбен айтқанда рухани жаңғыру мәселесін алға қойды.

Бір кезде  Франция ең дамыған ел еді, көптеген елдерді жаулап алды, егер естеріңізде болса патшалық ресейде де жоғарғы лауазымды азаматтары французша сөйлеп, балаларын осы тілді үйретуге күш салған. Ал жаңа заманда Англия Франциядан озып кетті, жанындағы емес, сонау үндістанды да отарлаған. Француз ғалымы зерттеген ғой, бұл қалай болды деп, сөйтсе ағылшын әйелдері мықты екен, еркектері кемемен керуен тартып кеткенде олар отбасын мықты ұстап, балаларын жақсы тәрбиелепті. Ал француз әйелдері жеңілтектеу екен. Сонда қараңызшы, Ұлттың бойындағы кішкентай ғана кемшілік мемлекетін артқа сүйреді, кішкентай ғана артықшылық әлемнің ең озық елі еткен.

Абай атамыз кезінде халқының сақталып қалудың бір жолы өзін-өзі қамшылап,өзін-өзі дамытып, білімін жетілдіріп, толық адам болып қалу деп кеткен. ХХ ңасырдың басында ұлт зиялылары «Оян, қазақ» демеп пе еді. ЕНдігі мұратымыз- Қазақстанның алға өркендеуі, балашаққа бағдар, рухани жаңғыру мұратымыз, мәңгілік ел болу. Сайып келгенде рухани жаңғыру дегеніміз(-ұлт көктемі, ол қазақ елін мұратына жеткізеді. Отан отбасынан басталады, отбасыңды сақтап қаламын десең ойыңды түзе, еңбек ет, тұрмысыңды түзе. Туған жеріміздің шөбі қурамысын, суы суалмасын, азаматтары айбырды, қыздары дана болсын!

Похожие статьи

Біздің дана халқымыз көптеген мәселелердің шешімін өзінің даналық сөздерінде айтып, кейінгі ұрпаққа аманат етіп тапсырған. Алайда, қазіргі таңда сол сөздердің көбі жаттанды сөздер санатында. Әдемі сөйлеп, шешен көрінгісі келгендердің әңгімесін әрлейтін дүниеге айналып кеткен. Солардың бірі – «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде».

Расында да, бұл сөз өте керемет сөз. Барша проблеманың шешімін көрсетіп тұрғандай-ақ. Яғни, проблеманы шешуге жұмсайтын уақыт, күш, қаржы секілді құндылықтарды проблеманы болдырмау үшін жұмсау керек екенін айтады. Негізінде, бір нәрсені бүлдіріп алып, оны қалпына келтіруге қарағанда, оны бүлдірмеуге тырыссақ, аз шығынданған боламыз.

Иә, дұрыс қой. Бірақ, оны кім тыңдайды?.. Біздің қоғамда көптеген мәселенің маңыздылығын түсіну үшін «ауырып алып» қимылдайтынымыз қынжылтады. Басымызға таяқ тимейінше ойланбаймыз. Бұл тек қана жеке адамдардың ауруы емес, жалпы қоғамымыздың ауруы. Атап айтар болсақ, бір мекемеде басшылық проблема шыққаннан кейін ғана қимылдап, айналасына көңіл бөліп, пікірлеріне құлақ сала бастайды. Жалпы халық та сол…

Отбасы институтында да жағдай осының айналасында. Көптеген отбасылық проблеманы болып қойғаннан кейін ғана ойлана бастаймыз. Мысалы, жастар үйленер алдында отбасы құрудың маңыздылығы, жар таңдау, ер немесе әйел адамның психологиясы, бала тәрбиесі секілді мәселелерді ойланбайды, арнайы өзін дайындамайды. Көзді жұмып, «бірнәрсесі болар», «көппен көрген ұлы той» деген сөздерге сүйеніп, үйлене салады. Өкінішке қарай, көп ұзамай ұйқыдан оянады. «Бірнәрсесі болар» дегенмен де көп нәрсенің бола салмайтындығына көзі жетеді. Өкініші өзегін өртеп бара жатса да, қолдан келер ешнәрсе жоқ. Өйткені, пойыз өтіп кетті. Ажырасушылардың 40 пайызы алғашқы төрт жылда ажырасатындығын ескерсек, отбасылық өмірге саналы түрде дайындықтың қажеттілігі айтпай-ақ түсінікті болады деп ойлаймын.

Отбасы құрған жұбайлар да ауруы асқынып, иммунитеті әлсірегенше шара қолдануға асықпайды. Араларындағы ұрыс-керіс үлкейіп, сезімдері әлсірегенде ғана дабыл қағып, шешім іздей бастайды. Көптеген жұбайлар ажырасудың табалдырығына жеткенде ғана мамандардың көмегіне сүйенеді. Кейбіреулері бірден соттың алдынан бір-ақ шығады. Ерлеріміз әйелі бала-шағаны алып, төркініне кетіп қалған кезде ғана отбасысының қадірін түсіне бастайды. Бірақ осы кісілердің бәрі жоғарыдағы «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген дана сөзді ең кемінде бірнеше рет естіген адамдар. Естіген, бірақ сезіне алмаған. Егер сезінгенінде отбасы құра салған күнінен бастап, сезімдерін суытпаудың жолын қарастырып, жұбайын бағалап, шаңырағын шайқалтпаудың жолын іздер еді.

Бала тәрбиесі де ауырғаннан кейін ем ізделетін мәселелердің қатарында. Баламыз бізге қарсы сөйлеп немесе мектебіне шақырып, ескерту жасағанға дейін алаңсыз жүре береміз. Баламыздың мазамызды алмай, үнсіз ғана жүргеніне алданамыз. Бірақ, оның ішкі жан дүниесінде қандай дауылдар болып жатқанын елемейміз де. Баламызға көңіл бөліп, бірге уақыт өткізуге «уақытымыз жоқ». Телефонды шұқылап, әлеуметтік желі парақшаларын шарлауға немесе теледидардан әртүрлі бағдарламаларды көруге табылатын уақыт, неге екенін, баламызға келгенде жоқ болып, табылмай қалады. Баламызға уақыт арнап, көңіл бөлуіміз үшін баламыз бұзықтық жасауы тиіс.

Міне, осы қате түсінік балаларымыздың тәрбиесіне айтарлықтай кері әсер етуде.

Кейде осы мәселелерді айтып, арнайы семианарларға шақырсаң немесе кітап оқуды ұсынсаң, «бізде бәрі жақсы», «семинарға барсақ, проблемасы бар екен деп қалады» деп жатады. Сол кезде «бұл кісілер отбасылық мәселелерге атүсті қарамай, өзін дамытып отыруы үшін, міндетті түрде, проблема шығуы керек пе?» деп ойланып қалады екенсің.

Қысқа қайырар болсам, отбасылық құндылықтарымызды құнсыздандырып алмай тұрғанда саналы әрекетке көшуіміз керек деп ойлаймын. Дана халқымыздың даналыққа толы сөздерін түсініп, өзіміздің ажырамас қағидаларымызға айналдыруға шақырамын!


Рабига Сыргабаева

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »