Новости на Newstaraz.

Ерекше балаларға қарайтын тәжік ұйымы халықаралық сыйлыққа ие болды (видео)

newstaraz.kz

Ерекше балаларға қарайтын тәжік ұйымы халықаралық сыйлыққа ие болды (видео)

Тәжікстандағы «Ирода» қоғамдық ұйымы бірнеше жылдан бері аутизм диагнозы қойылған ерекше балаларға көмектесумен айналысады. Жақында ұйым Juliette Gimon Courage Awards 2022 — Жульетта Гимон атындағы балалар қорының сыйлығына ие болды.

Тәжікстанда әлі күнге дейін аутизм адамның жүйке жүйесі дамуындағы ауытқушылық ретінде мойындалмаған, сол себепті дәрігерлер аутизм диагнозын қоймайды.

«Бұл сыйлық балалар мен жастарды білім беруден шеттеткен жүйемен күрестегі қайсарлық үшін берілді. Балалар қорына өтінішті жарты жыл бұрын өткіздік. Сыйлық аламыз деп ойламадық. Біз үш лауреаттың бірі атандық. Біз үшін үлкен құрмет», — дейді «Ирода» қоғамдық ұйымының атқарушы директоры Лола Насриддинова.

Бұл ұйымды Лола Насриддинова күйеуі Фазлиддинмен бірге құрған. Лола мен Фазлиддин ерекше балалардың ата-аналарының басын қосып, балаларға көмектесу жолдарын іздеген. Осы уақытқа дейін ұйым 1400-ге жуық балаға көмектесті.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »