Новости на Newstaraz.

Eurovision ән байқауы 2023 жылы Украинада өтпейді

newstaraz.kz

Eurovision ән байқауы 2023 жылы Украинада өтпейді

Победители конкурса «Евровидение-2022» группа Kalush Orchestra

Eurovision ән байқауы 2023 жылы Украинада өтпейді, деп хабарлады Еуропалық эфир тарату одағы (EBU). Биылғы байқауда жеңіске жеткен Украина келесі жылы оны өз елінде өткізуі тиіс болған.

«Өкінішке қарай, EBU оны басқа елде өткізу жөнінде шешім қабылдап, Eurovision ән байқауын келесі жылы қабылдайдын елді іздестіреді», – делінген одақ мәлімдемесінде.

EBU мұндай шешімін байқауға қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігімен түсіндірді. Одақ мәліметінше, байқауға 40 мыңға жуық адам жиналады.

Форс-мажор жағдайында ән байқауын басқа елге ауыстыруға болатыны оның ережесінде айтылған, делінген мәлімдемеде.

Осындай шешім қабылдар кезінде ұйымдастырушылар НАТО бас хатшысы Йенс Столтенбергтің Украинадағы соғыс «бірнеше жылға созылуы мүмкін» деген мәлімдемесіне де сүйенген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »