Новости на Newstaraz.

Гарнизонда нұсқаулық-әдістемелік сабақ өтті

newstaraz.kz

Шымкент гарнизонының механикаландырылған әскери бөлімінде қару-жарақ пен әскери техниканы қысқы пайдалану кезеңіне көшіру жұмыстары бойынша инженерлік-техникалық құрамымен нұсқаулық-әдістемелік сабақтар өтті.

 

Жиынның басты мақсаты – жеке құрамға әскери бөлімнің жауынгерлік машиналар паркінде маусымдық жұмыстарды сапалы ұйымдастыру, әскери техникаларда  жұмыс жасау кезінде қауіпсіздік шараларын сақтау, сондай-ақ жоғарғы басшылықтың талаптарын жеткізу.

Іс-шара барысында қару-жарақ пен әскери техниканың қысқы кезеңіне көшіру бойынша құжаттарды дайындау және жүргізу тәртібі басты назарға алынады.

– Қару-жарақ пен әскери техникаларға маусымдық қызмет көрсету бойынша жұмыстар кешені дәстүрлі түрде жылына екі рет жүзеге асырылады. Осындай кешенді жұмыстар қарсаңында инженерлік-техникалық құрамымен өткізілген нұсқаулық-әдістемелік жиыны қысқы режимге көшу жұмыстарын сапалы өтуіне ықпалын тигізеді. Сондай-ақ, әскери техниканы күтіп ұстау бөлімнің жауынгерлік дайындығын қамтамасыз етеді, – дейді бөлім командирінің техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары подполковник Рахматулла Тасполтаев.

 

2 сыныпты сержант Мақсат ЖАҚСЫБЕК

Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »