І Н Ж І Р Ж Е М І С І Б АР Л Ы Қ А У Р У Ғ А Е М
Бұл ғылыми-зерттеу жобасында Баймырза Бесбаев атындағы орта мектебінің 3 «г» сынып оқушысы Лесбек Айханым інжір жемісінің адам ағзасына емдік пайдасы бар екенін зерттеген. Негізгі көзқарас- інжірдің барлық ауруларға шипа болатыны қаншалықты шындыққа жақындығы. Ғылыми-зерттеу жобасында қаралатын тақырып інжірдің тарихы, оның түрлері. Бұл ағаштың түрлі атаулары бар, мысалы: інжір,орыс тілінде инжир, немесе фига, Фиговое дерево, Смоковница обыкновенная, Смо́ква, Ви́нная я́года деп аталады.
Інжір ағашының қандай жағдайда өсетініне айрықша көңіл бөлінген. Бұл шын мәнісінде ұзақ жасайтын өсімдік. Орташа өмір сүру ұзақтығы 50-60 жыл.
Осыдан үш жыл бұрын әжесі екеуі үйдің жанына інжірдің Күлгін Сухумдық сортының екі түбін еккен. Себебі, бұл ағаш аталық және аналық болып бөлінеді. Және олар бір-бірінсіз көбейіп, жеміс те бермейді. Інжір ағашы жер таңдамайды, шыңдарға, тастақ жерлерге де бейімделеді. Тас қабырғаларда да өсе береді. Ол өсу үшін судан кенде болмауы керек. Оларды күн жақсы түсетін жерге отырғызған. Ағаш екінші жылы жемісін береді.
Өткен жылы алғаш рет отбасы мен туыстары інжірдің дәмін татқан. Бұл жемістен тосап, шырын, джем жасаған. Барлығы осындай балғын тәтті жемісті алғаш жегендіктен, іштерінен тілек жасырды. Жемістің жұмсағында минералдық заттардан темір, калий, кальций, фосфор, натрий жеткілікті.
Інжірдің құрамында А, В, В1, С, Е, РР негізгі дәрумендері, бета-каротин, жасұнық, пектиндер бар.
Інжір жүрек-қан тамырлары жүйесі аурулары, қанды сұйылтып, қан қысымын төмендететін, обыр аурулырының жасушаларын жоятын, қалқанша без аурулары, ішек құрттарын түсіретін, асқазан жұмысын реттейтін, бауыр мене бүйрек жұмысын белсенді ететін, тамақтың баспа ауруларына ем болатын қасиетке ие. Жас ғалым інжір жемісін зерттей келе, інжірмен адам ағзасын кешенді емдеуге болады деген тұжырымға келеді.
Үйде жағдайында інжір жемісінен ең жеңіл бет терісіне пайдалы лосьон және шашқа маска жасалынады. Лесбек Айханым әжесі екеуі оның бетіне лосьон, өзінің шашына маска дайындаған. Бұл жемістен жасаған ғажайып өзідеріне ұнады. Енді осыларды сыныптас құрбыларына ұсынбақ.
—
Рабига Сыргабаева