Новости на Newstaraz.

Мирзияев түркітілдес елдердің еркін экономикалық аймағын құруды ұсынды

newstaraz.kz

Самарқанд (Өзбекстан) қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының тоғызыншы саммиті басталды. Оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан президенттері, Венгрия премьер-министрі және Түркіменстан Халық маслахаты төрағасы Гурбангұлы Бердымұхамедов қатысып жатыр.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев саммиттің ашылу салтанатында былтыр атауын өзгерткен ұйым түркітілдес елдер әріптестігінің жаңа парағы басталғанын мәлімдеді.

Мирзияев әлемдегі экономикалық дағдарыс кезінде түркітілдес елдерге әріптестікті нығайта берген жөн екенін айтты. Өзбек президентінің пікірінше, ұйымға мүше елдер экономикалық әріптестіктің мүмкіндігін толық пайдалана алмай отыр. Мемлекеттер арасында кеден алымы көп. Мирзияев еркін сауда аймағын құруды ұсынды. Ол көлік қатынасының нығайғанын қолдайды.

Өзбекстан президенті қауіпсіздік мәселесіне ерекше назар аудару керектігін, әлемнің түрлі өңірлеріндегі жанжалдар түркі әлеміне қауіп төндіріп тұр. Соған байланытсы қауіпсіздік органдары терроризмге қарсы киберқауіпсіздік саласында бірге жұмыс істеуі тиіс, деп есептейді Мирзияев.

Бұған дейін хабарланғандай, мемлекет басшылары саммитте көпжақты әріптестіктің өзекті мәселелерін талқылап, ұйымның 2022-2026 жылдарға арналған декларациясы мен стратегиясын қабылдайды.

Саммитте Қырғызстан өкілі Құбанычбек Өмурәлиевті Ұйымның Бас хатшысы қызметіне тағайындау туралы шешім қабылданды.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »