Новости на Newstaraz.

Нұр-Сұлтан мен төрт облыста коронавирустың «Йота» штамы анықталды

newstaraz.kz

Қазақстанда коронавирустың «Йота» штамы (кейде оны Нигерия штамы деп те атайды) анықталды. Бұл туралы сейсенбі күні денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Facebook парақшасында хабарлады.

«Денсаулық сақтау министрлігі биыл шілде-тамыз айларында КВИ науқастарынан алынған оң зертханалық үлгілерді секвенирлеу әдісімен коронавирустық инфекцияға генетикалық зерттеу жүргізді. Оның қорытындылары бойынша, Қазақстанда 96 үлгіден штамдар анықталған. (Delta «Үнді штаммы» — 57 (59,4%), Alpha «Британдық» — 24 (25%), «Ухань» коронавирусы — 10 (10,4%) және eta «Нигерия» — 5 (5,2%))» деп жазды министр.

Оның айтуынша, «Нигерия» штамы 4 өңірде анықталған: Қарағандыда — 1, Маңғыстауда — 2, Павлодарда — 1, Нұр-Сұлтанда — 1.

Министрдің жазуынша, «Йота» штамы 2020 жылы желтоқсанда белгілі болған. Ол алғаш рет Нигерия мен Ұлыбританияда анықталған. Оған шалдыққандардың әдетте «британ штамы» сияқты дене қызуы көтеріліп, жөтел пайда болады, дәм және иіс сезу қабілеті жоғалады, аурулары асқынады.

Тамыз айында ДДСҰ «йота» штамының өте қауіпті екеніне дәлелі жоғын, одан гөрі «дельта» қауіптірек екенін айтқан.

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »