РЕСЕЙЛІКТЕР «ДИПЛОММЕН АУЫЛҒА» БАҒДАРЛАМАСЫНА ҚЫЗЫҒЫП ОТЫР
Ресейліктер біздің «Дипломен ауылға» бағдарламасына қызығып отыр. Омбы қаласында өтіп жатқан Қазақстан-Ресей жастар форумында осындай әңгіме айтылды. Теріскейдегі көршілерде дәл біздегідей, 2020-ны «Жастар жылы» деп жарияламақ. Сондай-ақ, заманауи технологиялардың мүмкіндігіне арналған көрмеге отандық 17 компания өз жобаларып апарып, ресейліктерді таң-тамаша қылыпты. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. С.Торайғыровтың өлең бар еді ғой: «Бұрынғы атамызға сыйға берген, Біздерде мынадай бар, мынадай бар» деген. Бүгін де қазақстандық және ресейлік компаниялар бір-бірінен қалыспай, өз жобаларын таныстырды. Бұл көрмеде ертеңгі Тоқаев пен Путиннің қатысуымен өтететін 16-шы өңіраралық ынтымақтастық форуымының аясында ұйымдастырылып отыр». Елімізден 17 компания келген. Әр түрлі саладан. Көрмеде қос тарап, өз өнімдерінің артықшылықтарын айтып, бір-біріне ұсыныстар жасады. Осылайша, бірлескен жобаларды жүзеге асырып, халықаралық нарыққа шығуды ойластыруда. МҰХТАР МАНКЕЕВ, БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: «Батыс Қазақстан облысының кәсіпорындары осы жерде бір серіктес тауып, екеуі бірігіп Еуропаға қалай шығамыз деген ұсыныстарын айтып жатыр. Мысалы, құбырларды жаңа технологиямен шығарады. Бұл форум саяси ма, экономикалық па деген сауалдар болды. Саяси тұрғы бізде барлығы шешілген, қалыптасқан платформа бар. Бұл жердегі басты мақсат экономикалық тұрғыда жетістіктерге жету».
Бұрын малына ен салатын қазақ бүгінде сырға тағатын болды. Бұл да жаңа технологияның жетістігі екен. Жылына 40 млн-дай сырға шығаратын отандық компания былтырдан бері өз өнімін Ресей нарығында сатып жатқан көрінеді. Электронды құрылғы арқылы мемлекеттік базадан төрт түлікке қатысты барлық мәліметті анықтауға болады. ӘЛІБЕК ШӘРІПОВ, КОМПАНИЯ БАСШЫСЫ: «Біз ауыл шарушашылығында жануарлардың сәйкестендіру құралдарын яғни сырғалар, электронды радиочистоттық және визуалдық деп аталады. Сосын чиптер. 300 млн теңгенің затын осы жаққа саттық». Заманауи технологияларға арналған көрмеде екі тараптан да шіренген шенеуніктер, басшылар көрінбейді. Біздің жақтан Сауда және интеграция министрінің орынбасары, көршілерден Омбының губернаторы ғана жүр. АЛЕКСАНДР БУРКОВ, РФ ОМБЫ ОБЛЫСЫНЫҢ ГУБЕРНАТОРЫ: «Бүгінгі кездесу көптеген мүмкіндіктерге жол ашады. Әсіресе, ғылыми зерттеулер мен мамандарды даярлауда, білікті кадрларды тануда бұл көрменің берері мол. Мемлекет басшыларының алдында тұрған міндеттердің бірегейі цифрлы экономиканың әлеуетін пайдалану арқылы көптеген жобаларды жүзеге асыру. Қазақстан Ресей үшін барлық салада маңызды серіктес, әріптес ел қашанда». Өңіраралық дәстүрлі жиын қарсаңында қазақ-орыс жастар форумы да ұйымдастырылды. Қазақстаннан 50-ге жуық жастар ұйымдарының жетекшілері,белсенділер, жергілікті атқарушы орган өкілдері келіпті. АЛЕКСЕЙ ЛОДОЧНИКОВ СТУДЕНТ, «100 ЖАҢА ЕСІМ» ЖОБАСЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ: «Форум күнде бола қоймас, форумнан жаңа танысумен, өзімді медиа жағынан жаңалық ашып, инстаграм желісін қалай жүргізу керек екендігін, өзімді медиа саласында қалай таныстыруда жаңалық ашқым келіп тұр». Қазақстанда биыл «Жастар жылы» болса, келесі жылы «Еріктілер жылы» жарияланбақ. Яғни, волонтерлер. Ал Ресейде керісінше, биыл «Еріктілер жылы» болса, келесі жылды жастарға арнамақ. Осы бағытта бір- бірімен тәжірибе алмасқан әңгімеде көршілер біздегі «Дипломмен ауылға» бағдарламасына қызығушылық танытыпты. Бұл жақта да жас мамандарды ауылға жіберу мәселесі өзекті болса керек. Ал ертең өңіраралық ынтымақтастық форумның негізі отырысы, оған Тоқаев пен Путин қатысады деп күтілуде.
newstaraz.kz