Новости на Newstaraz.

Шымкент: Аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын тасымалдаған 53 жастағы азаматша ұсталды

newstaraz.kz

Шымкент қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында қала аумағындағы көшелердің бірінде аса ірі мөлшердегі есірткі заттарын өзімен бірге сақтап, тасымалдап, алып жүрген 53 жастағы Түркістан облысының тұрғынын құрықтады.

Жеке тінту барысында аталған азаматшадан пакетке салынған ақ түсті ұнтақ тәріздес есірткіге ұқсас зат тәркіленіп алынды.

Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат «мефедрон» есірткі заты екендігі расталып, жалпы салмағы 39 грамды құраған.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабы 4-бөлігімен (аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Қазіргі кезде полиция қызметкерлері бұл есірткі заттарының қайдан жеткізілгенін және қылмысқа қатысты басқа да тұлғаларды анықтау бойынша қосымша жедел-іздестіру жұмыстарын атқарып жатыр.

Полиция қызметкерлері есірткімен байланысты заңсыз әрекеттер қылмыстық жауапкершілікке алып келетінін ескертеді.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз қызметі

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »