Новости на Newstaraz.

Тәжікстанда жер көшкіні жүріп, ондаған отбасы баспанасыз қалды

newstaraz.kz


Хатлон облысының Навобод қыстағында жер көшкіні жүріп, 15 үй және 100 гектар егінді жер зардап шеккен.

Тәжікстанның Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті жер көшкінінен құрбан болғандар жоқ екенін, шығын есептеліп жатқанын хабарлады.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жердің көшуі 5 мамырда басталған. Екі күннен кейін үйлер құлаған, егістік аймақ жер астында қалған. Бірқатар тұрғындар үйін ғана емес, мүлкі де қоса кеткенін айтады.

Үйсіз қалғандар арнайы тігілген шатырларға көшірілген. Олар күнделікті ыстық тамақпен қамтамасыз етіледі. Көш жүріп жатқан жерде тұратын 167 үй қауіпсіз аймаққа көшіріледі.

5 мамырдан бері Тәжікстанның бірқатар аймақтарында табиғи апаттар болды. Соғды, Хатлон облыстарында сел жүрді. Пенжикентте тастар құлап, бірнеше үй зардап шеккен. 12 отбасы қауіпсіз аймаққа көшірілген.

Тәжікстан билігінің мәліметіне қарағанда, 1992-2020 жылдар арасында табиғат апатынан 7 млн тұрғын зардап шегіп, экономикаға 2 млрд доллар зиян келген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »