Новости на Newstaraz.

Тоқаев Тегеранға сапарында Иран азаматтарына 14 күндік визасыз режим жариялады

newstaraz.kz

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Иранға ресми сапары барысында 19 маусымда Тегеранда Иран президенті Ибрахим Раисимен келіссөз жүргізді.

Ақорданың хабарлауынша, шағын құрамда өткен кездесуде Тоқаев Иран азаматтарына Қазақстанға 14 күнге визасыз режим жариялайтынын мәлімдеді (Қазақстан азаматтарына Иранға бару үшін виза алу қажет). Бұған қоса, екі тарап іскерлік байланыс пен сауда айналымын арттыру жағын талқылады.

«Біздің үкіметаралық, парламентаралық және іскерлік кеңестеріміз бар. Сауда-экономикалық ынтымақтастығымыз кедергілерге қарамастан, жылдан-жылға артып келеді. Биылғы бірінші тоқсанда сауда-саттық 50 пайызға артты. Ендігі мақсат – осы қарқынды тоқтатпай, барынша көбейту. Оған біздің әлеуетіміз жетеді. Мен сіздің өзара серіктестікті дамытуға қосқан үлесіңізді жоғары бағалаймын. Қарым-қатынасымызды дамытуға бар күш-жігерімді жұмсауға әзірмін» деді Тоқаев.

Бұл — Тоқаевтың Иранға президент ретінде алғашқы сапары. Сапар барысында Қазақстан президенті Иранның рухани басшысы аятолла Әли Хаменеимен де кездесуі жоспарланған.

Тоқаев мамыр-маусым айында осымен үшінші елге ресми сапармен барды. Ол мамырда Түркия мен Қырғызстанға сапарлаған еді.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »