Новости на Newstaraz.

Қырғызстанда тойдан кейін 11 адам уланып, ауруханаға түскен

newstaraz.kz

Қырғызстанда тойдан кейін 11 адам уланып, ауруханаға түскен

Қырғызстанның Баткен облысы Сүлікті қаласында жаппай улану оқиғасы тіркелді.

Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 8 мамыр күні жергілікті кафелердің бірінде 180 адамның қатысуымен шара өткен. Шарадан кейін 32 адамға жедел жәрдем шақырылған. Оның 11-і қазір аурухананың инфекциялық бөлімшесінде ем қабылдап жатыр.

Тексеру нәтижесінде, тойда берілген палаудың кафеде жасалғаны, ал салаттарды ұйымдастырушылар үйінен дайындап әкелгені анықталған.

Кафе иесіне 15 мың сом (200 доллар шамасы) көлемінде айыппұл салынған.

Мамыр айының басында Ош және Бішкек қаласында да жаппай улану оқиғасы тіркелген.

Источник

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

Translate »