Қарағандыда полиция жолаушылар автобусына оқ атқан күдіктіні іздеп жатыр. 8 қазанда кешке «45 квартал» аялдамасы маңында белгісіз біреу үш автобустың терезесіне пневматикалық тапаншадан оқ атқан. Екі автобустың әрқайсысында 40 жолаушы, үшіншісінде жүздем астам жолаушы болған.
Қарағанды облыстық полиция департаменті оқиғадан ешкімнің зардап шекпегенін хабарлады. Күдіктінің автобустарға қанша оқ атқаны әзірге белгісіз. Полиция автобус салондарының бірінен диаметрі 4,5 миллиметрлік оқ бөлшегін тапты.
Полиция «Бұзақылық» бабы бойынша қылмыстық іс бойынша тергеу басталғанын хабарлады. Әзірге күдікті ұсталмады. Оның аты-жөні де анықталмады.
Қазақстанда калибрі 4,5 миллиметрден асатын пневматикалық тапанша ұстауға тыйым салынған.
newstaraz.kz