Қасым-Жомарт Тоқаев қырғыз экс-президенті Асқар Ақаевты қабылдады
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 23 маусымда Қырғызстанның бұрынғы президенті Асқар Ақаевты қабылдады. Бұл туралы Азаттықтың қырғыз қызметіне қоғам қайраткері Бекболот Талғарбеков хабарлады.
Оның айтуынша, үш күн Алматыда болған Асқар Ақаев Қазақстан астанасына ұшып, сол жерде Тоқаевпен кездескен. Қазақстан президентінің баспасөз қызметі бұл жүздесу туралы ресми ақпарат таратпады, алайда қазақстандық БАҚ Тоқаевтың Ақаевпен, оның әйелі Майра Ақаевамен бірге түскен суретін жариялады.
Президент Казахстана принял Аскара Акаева в Нур-Султане https://t.co/7Rd4DGBxsK pic.twitter.com/4NOJU7NKXX
— Kloop (@kloopnews) June 24, 2022
19 маусымда Асқар Ақаев Алматыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде дәріс оқыды.
Ақаев 1991-2005 жылдар аралығында Қырғызстан президенті қызметін атқарды. 2005 жылғы 24 наурызда «қызғалдақ революциясы» кезінде ол қызметтен кетіп, кейін Мәскеуден саяси баспана алды.
2021 жылы Асқар Ақаев Қырғызстанға екі мәрте келіп, Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет сауалдарына жауап берді.
newstaraz.kz