Новости на Newstaraz.

Қазақстан Қырғызстанға 25 мың дана QazVac вакцинасын жіберді

newstaraz.kz

Қазақстанның Қырғызстанға гуманитарлық көмек ретінде берілген QazVac вакцинасының 25 мың данасы 28 шілдеде Бішкекке жетті.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметіне қарағанда, Қазақстанның Биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу институты ойлап тапқан бұл вакцина 18 жастан жоғары азаматтарға коронавирустан қорғану үшін салынады. Бірінші дана мен екіншісінің ортасындағы аралық 21 күн болуы керек.

QazVac вакцинасы стандарт технология бойынша әзірленгені, коронавирустан қорғау деңгейі 90% жоғары екені, Қазақстанның өзінде бүгінгі күнге дейін 300 мың адам алғаны, денсаулыққа зиян келтірген жағдайлар тіркелмегені гуманитарлық жәрдемді қабылдап алу шарасында айтылды.

Қазақ үкіметі COVID-19 вирусына қарсы күресу үшін Қырғызстанға осыған дейін гуманитарлық көмек ретінде 78 миллион сомға 400 ИВЛ аппарат, 2 млн маска берілген.

Қырғызстанда қазір Sputnik V, Sinopharm және AstraZeneca вакциналарын алып жатыр. Вакцина салдырғандардың жалпы саны 500 мыңнан ашты.

Жалпы өлкеде коронавирус жұқтырғандардың ресми саны 160 мыңға жетіп, 2288 науқас қаза болды.

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров 28 шілдеде екінші рет үндеу жариялап, халықты вакцина алуға шақырған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »