Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан құтқарушылары Түркияға аттанды
Қазақстан құтқарушылары жер сілкінісінен зардап шегіп отырған Түркияға көмектесу үшін Алматы қаласынан ұшып кетті. Бұл ақпаратты Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі 7 ақпанда, таңертең таратты.
«Қазақстан құтқарушылары Түркияның Газиантеп қаласына барады. Құтқарушылар арасында кинологиялық бөлімше мен дәрігерлер бар» дейді төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері. Мекеме таратқан мәліметте Түркияға нақты қанша құтқарушы кеткені айтылмады.
Қырғызстан құтқарушылары Түркияға 6 ақпанда ұшып шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі. Мекеме мәліметінше, бұл елден 63 құтқарушы Түркияға кеткен. Қырғызстан жақында Түркияға гуманитарлық көмек жөнелтеді.
Қырғыз сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, Аданда бір қырғыз азаматы зардап шекті. Оған жергілікті ауруханада медициналық көмек көрсетілген. Науқастың жағдайы жақсы. Оны ауруханадан шығарған.
Өзбекстан да Түркияда 60 құтқарушы мен үш құтқару техникасын жіберді. Ташкент Анкараға гуманитарлық көмек жолдайды. Тиісті тапсырманы президент Шавкат Мирзияев берді, деп хабарлады оның баспасөз хатшысы Шерзод Асадов.
Түркияның оңтүстік-шығысында 6 ақпанда таңертең 7,8 магнитудалы зілзала болды. Түркия мен Сирияда жүздеген үй қирап қалды, қиранды астында қалған адамдарды құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Екі елде болған зілхаладан мыңдаған адам мерт болды.
newstaraz.kz