Қазақстан Қытайдан жүк өткізуді қалпына келтіруді сұрайды
Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Шанхай ынтымақтастық ұйымының үкімет басшыларының бас қосуында қытай шенеуніктерінен Қазақстаннан Қытайға жүк тасуды қалпына келтіруді сұрады.
Қытай былтырдан бері коронавирус қаупіне байланысты темір жол арқылы тасымалданатын бидай, түрлі-түсті металл секілді шикізатты қабылдамай келеді. Қазақстандық тасымалдаушылар осының салдарынан миллиондаған шығын көріп жатырмыз деп мәлімдеген.
Қытай бұдан бөлек жүк көліктеріне де шектеу қойып отыр. Қараша айының басында Қазақстанның қаржы министрлігінің кіріс комитеті Қытаймен шекарадағы «Нұрлы жол» бекетінде 10 мыңнан астам жүк көлігі кезегін күтіп тұрғанын мәлімдеген.
newstaraz.kz