Қазақстан Ресей мен Беларусь жүк тасушыларына жеңілдік жасады
Қазақстан 2023 жылдың қаңтарына дейін Ресей мен Беларусь жүк тасымалдаушыларына қойылған талаптарды жеңілдетті. Бұл туралы елдің индустрия мен инфрақұрылымды дамыту министрлігі хабарлады.
Халықаралық автокөлік тасымалы саласында үшінші бір елге жүк тасығанда, сонымен бірге артық жүкке шектеу енгізу тәжірибесі баяғыдан қалыптасқан. Қазақстанда мұндай талап 2017 жылы енгізілген, делінген министрлік ақпаратында. Мұндай талапты бұзғандарға әкімшілік айыппұл салынады.
«Жақында, қазіргі геосаяси жағдайға байланысты, Ресей мен Беларусьтің құзырлы органдары 2023 жылдың 1 қаңтарына дейін «артық жүкке» тыйым салу талабын уақытша тоқтатты, бірақ Қазақстан жағына ескерткен жоқ. Сол себепті Қазақстан «артық жүкке» тыйым салу талабы сақталады», — деп мәлімдеді министрлік.
30 мамырда Қазақстан мен Ресей үкімет басшыларының кездесуінде осы мәселе талқыланып, Қазақстан жағы бұған түсіністікпен қарап, ұтымды шешім ұсынды, делінген ресми ақпаратта. 2023 жылға дейін Беларусь пен Ресей жүк тасымалдаушыларына «артық жүк» тыйымына қатысты талап жүрмейді.
newstaraz.kz