Қазақстанда қаржы пирамидасын ұйымдастырған әйел сотталды
Степнагорск қаласының тұрғыны қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген айыппен бес жылға сотталды.
Қаржы полициясының мәліметінше, Лишко Е.Е. есімді азамат қаржы пирамидасына «5822 адам тартқан». Қылмыстық әрекет шығыны 147 миллион теңгеден асқан.
Ақмола облысы сотының хабарлауынша, Лишкоға қатысты сот үкімі былтыр 30 қыркүйекте шыққан. Айыпталушы сотта тағылған айыптарды жоққа шығарған. Қараша айында облыстық сот апелляциялық шағымды қанағаттандырмаған.
Қаржы мониторингі жөніндегі агенттігі қазан айында 36 қаржы пирамидасына қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған. Билік мәліметінше, 2021 жылы мыңдаған қазақстандық қаржы пирамидаларының құрбаны болған.
Биыл 17 қаңтарда Ақтөбе қаласының соты қаржы пирамидасын құрған топты соттады. Сотталушылар сегіз жылдан 10 жылға дейінгі аралықта жаза алды. Бұл топ 800 жәбірленушінің 4 млрд теңгесін қайтармаған.
newstaraz.kz