Қазақстанда 2027 жылдан бастап табысынан шығысы көп шенеуніктер қызметінен босатылады
Қазақстан парламентінің сенаты 2027 жылдан бастап декларациясында табысынан шығысы көп шенеуніктерді қызметінен алып, жазаға тарту жөніндегі антикоррупциялық заңға түзетулер енгізді.
Бұл жөнінде парламент сайтында жарияланды.
Заң жобасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және мемлекеттік қорғауға жататын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» деп аталады.
Құжатта көрсетілгендей, бұл мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдардың, олардың жұбайларының кірістері мен шығыстарына толық талдау жүргізуге мүмкіндік береді.
2027 жылдан бастап мұндай адамдарға мемлекеттік қызметші теріс себептермен жұмыстан шығарылғанға дейін әкімшілік жауапкершілік көзделетін болады. Сондай-ақ осындай себептер бойынша жұмыстан босатылған мемлекеттік қызметші үш жыл бойы мемлекеттік, оның ішінде құқық қорғау органдарында қызмет атқара алмайды.
newstaraz.kz