Новости на Newstaraz.

Қазақстанда коронавирусқа қарсы тағы бір екпе – QazCoVac-P вакцинасының сынағы басталды

newstaraz.kz

Қазақстан білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты 15 маусымда елде коронавирусқа қарсы тағы бір екпе — QazCoVac-P вакцинасының клиникалық сынағы басталғанын мәлімдеді.

Сынақтың бірінші және екінші кезеңі Тараздағы көпсалалы қалалық ауруханада өтіп, оған 18-50 жастағы еріктілер қатысады.

Институт сынақ кезеңіне қанша адам қатысатынын жарияламаған, бірақ бұл екпе клиникалық сынаққа дейін жануарларға жасалған тексеріс кезінде «жақсы нәтиже көрсеткенін» мәлімдеді.

Екпені сынақтан өткізуге денсаулық сақтау министрлігі рұқсат бергені де хабарланды.

Институттың дерегінше, QazCoVac-P – SARS-CoV-2 коронавирусының жасанды синтезделген ақуыздары негізінде жасалған суббірлікті вакцина.

«Қауіпсіз екпе алу үшін ақуыздар толық тазарту кезеңінен және тексерістен өтті. Екпенің құрамында вирустың өзі жоқ. Суббірлікті вакцина инактивтелген екпелер сияқты құрамында тірі патоген компоненттері жоқ әрі өте қауіпсіз» дейді мекеме.

Қазақстан 26 сәуірде, сынақтың толық үш кезеңі аяқталмай жатып, QazVac (тағы бір атауы — Qaz-Covid-in) екпесін халыққа жаппай еге бастаған. Бұл екпені де Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты дайындаған. Денсаулық сақтау министрлігі QazVac сынақтың екі кезеңінен кейін 96 пайыз деген еді. Бірақ бұл екпенің сынақ кезеңі жайлы ғылыми журналдарда әлі мақала жарияланған жоқ.

Covid төңірегінде түрлі кеңес беретін Medsupport тобының еріктілері Qaz-Covid-in екпесіне күмәнмен қарап, екпе құрамындағы кейбір қоспаға күдіктенеді.

Қазақстанда вакциналау науқаны ақпанда бастаған. Әуелі ресейлік «Спутник V» екпесін, кейін осы екпенің Қарағандыда өндірілген нұсқасын салды. Сәуірде QazVac қолданысқа енді. Бұдан бөлек Қытайда әзірленіп, БАӘ-де өндірілген Hayat-Vax және қытайлық CoronaVac вакцинасын егіп жатыр.

Денсаулық сақтау министрлігінің 15 маусымдағы ресми мәліметіне сай, елде қазір 2,5 млн адам екпенің бір дозасын, 1,4 млн адам екі дозасын салдырған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »