Новости на Newstaraz.

Қазақстандық банктердің ресейліктерге төлем картасын беру тәртібін қатайта бастағаны хабарланды

newstaraz.kz

Қазақстандық банктер санкция қаупіне байланысты ресейліктерге төлем карталарын беру тәртібін қатайта бастады. Кейбір банктер жұмыс орны мен ықтиярхатты (Қазақстанда тұрақты тұратын шетел азаматтарына берілетін құжат) талап ете бастаған.

Қаржы ұйымдары карталарды жөн-жосықсыз тарата берсек, санкцияға ілініп кетеміз де деп қорқады деп хабарлады жергілікті КТК телеарнасы.

Телеарна сюжетінде Қазақстанға келген бір Ресей азаматы банк картасын алу үшін «еңбек келісім-шарты немесе жұмыс орнынан анықтама» сұрап жатқанын айтады. Банк өкілдері оған мұндай ереженің күшіне енгеніне бір айдан астам уақыт болғанын хабарлаған.

Ал Қазақстан ұлттық банкі заңда резидент еместерден еңбек келісім-шарт немесе ықтиярхат сұрауды талап ететін норма жоқ екенін айтты. Бірақ қаржы ұйымдарына оны талап етуге ешкім тыйым салмаған.

– Банктер төлем карталарын берген кезде заң талаптарын, қаржы ұйымының ішкі регламенттерін, комплаенс-бақылау талаптары, сонымен бірге халықаралық төлем жүйесінің ережелерін басшылыққа алады. Бұдан бөлек, болашақ клиенттің жеке деректері мұқият тексерілуі тиіс. Сарапшылар мұндай тексерістер – қалыпты практика дейді. Біздің қаржы ұйымдарымыз да санкцияға ілінуі мүмкін ғой, — дейді Ұлттық банк төлем жүйелері саясаты жөніндегі басқарма бастығы Арлен Молдабеков.

Экономист Арман Бейсембаевтың айтуынша, санкция тізіміне ілінген азаматтарға карта беріп қоймас үшін өтініш берушіні толық тексерістен өткізу – қалыпты процедура.

– Егер сіз санкция тізімінде бар Ресей азаматына есепшот ашсаңыз, оған барлық функционалды пайдалануға мүмкіндік берсеңіз, онда сол банктің есепшоттары бұғатталуы мүмкін. Бұл өте қауіпті, – дейді экономист.

Украинадағы соғысқа байланысты Ресейге санкция салынғаннан кейін ресейлік банктерде қаражаты бар қазақстандық банктер мен қазақстандықтардың санкция ықпалына ұшырауы мүмкін екені айтылған. 23 мамырда Ресей банктерінің Қазақстандағы өкілдіктерінде санкцияға байланысты шамамен 9,2 млрд теңге (21,5 млн доллар) бұғатталғаны белгілі болды.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »