ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ТАБЫСЫНЫҢ ЖАРТЫСЫН ТАМАҚҚА ЖҰМСАЙДЫ
Осы аптада РИА рейтинг агенттігі Қазақстан халқы тапқан табысының 47 пайызын ішіп жеуге жұмсайды деп мәлімдеді. Яғни жартысы десек те болады. Бұдан қарапайым ғана сұрақ туындайды, біз соншалықты қомағай халықпыз ба? Әлде тапқан таянғанымыз ішіп жемнен артылмай ма? Айдана Үсенбай жауап беріп көрсін. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Риа Рейтинг агенттігінің зерттеуіне сай, азық-түлікке ең аз қаражат жұмсайтын ол Люксембург тұрғындары екен. Бар-жоғы 8,4 пайыз ғана.Одан кейін Нидерланд пен Ұлыбритания орналасқан.
Бұл жақтың азаматтары 10 пайыздың төңірегінде ғана ақша жұмсайды ішіп-жеуге. Ал, біздің елдің статистикасына қарасаңыз,енді бір ашқарақ халық секілді көрінеді екенбіз енді. Тамаққа табысымыздың 47 пайызын жаратып жүрміз.
Бізден сәл ғана көп тамақ жейтін ол Украина екен. Көрсеткіш 50 пайыз! Шынымен қомағай болғанымыз ба сонда? Себеп неде? ЛЮКСЕМБУРГ — 8,4% НИДЕРЛАНД 10,6% ҰЛЫБРИТАНИЯ- 10,6% ҚАЗАҚСТАН 47% УКРАИНА — 50% Бір жағы менталитетіміз шығар деп қоямын? Қазақ өзі тойшыл халық қой! Қонақ күтумен үнемі алысамыз, ал барудан тіпті, жарысамыз!
Қысқасы, той-томалақ, ырду дырдудан артылмайды шығынымыз! Ал, жұрттың балалары бұл мезетте ел-көріп, жер көріп жүр!
Мысалы Швециялықтар табыстарының 18,7 ,Ұлыбританиялықтар 13, ал Австриялықтар 11 пайызын мәдени-шаралар мен әлем аралауға жұмсайды екен. Швеция 18,7% Ұлыбритания — 13% Австрия — 11%
Біз неге ондай емеспіз? Кәсіпкер Азаматхан Әміртай барлығы да қаржылық сауатсыздыққа келіп тірелетініне сенімді.
АЗАМАТХАН ӘМІРТАЙ, КӘСІПКЕР: «Мен өзімнің жанұямдағы қаражатты балаларым дұрыс білім алып, мәдениет, ағылшын тілін үйрену басқа тілдерді үйрену,соған қарай қаржыландырамыз бірінші орында. Екінші орында мына әлемді көру, саяхатқа шығу, соған қарай көңіл бөлеміз».
Қысқасы «Инвестицияны өзіңе сал, болашақта жемісін ал»,-дейді ғой бизнесмен! Жөн! Десе де, біздің қомағайлығымыздың негізгі себебі бұл емес әлі де! Экономист Мақсат Халық мынадай бір тұшымды пікір айтты. МАҚСАТ ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ: «Немістің ғалымы Энгель деген бар, неғұрлым халықтың табысы төмендеген сайын, ол халықтың азық-түлік шығындары артады деген. Неғұрлым халықтың табысы жоғарлаған сайын, ол халықтың демалыс, мәдениет шығындары артады деп көрсеткен».
Ол былай ғой! Мысалы, Кульжиан Қаңтарбаева өзі де, жолдасы да зейнеткер. Басын қосқанда екеуі айына 150 мың тг зейнетақы алады. Оның..
КҮЛЖИАН ҚАҢТАРБАЕВА, ЗЕЙНЕТКЕР: «30 мың-20 мыңға продукті аламын. Тағы жиырма мыңға дәрі аламын, біреуі алты мың көздің дәрісі үш түрлі дәрі құямын мына көзге. Енді біреу өліп қалады, мына кеше екі кісі өлді шешесі артынан қызы. Той бар, содан кейін балалардың жүріп тұратын проезді бар.
Енді санайық, отбасының 30 күндік шығыны бас аяғы 100000 мыңның төңірегі екен. 30 мың тг азық-түлік 20 мың тг дәрі-дәрмек 15 мың тг — коммуналдық шығындар 10 мың тг қоғамдық көлік, такси, жүріс-тұрысы 15-20 мың тг — той-томалақ, ас.
Айтпақшы, мұндағы азық-түлікке кеткен қаражат көлемін біз азайтып алып отырмыз. Өйткені үнемдейді…
«Мынау мен қолдан істеймін барлық тамақты, қолдан істелген жент, сары май, нанды көбіне қолдан пісіремін. Енді хлолодильникте мен артық үкіметтің тамағын алмаймын».
Оның сыртында, соғым, көмір деген секілді жан бағуға қажетті шығындарды қосыңыз! Маусымдық деп атайық оларды.
-Күніне мен 15 шелек көмір жағамын. Есептеңіз он тонна көмір үш айда аллаху акпар болды міне. Енді қазір міне, міне деп отырмын. Жаңа звондасам жоқ дейді. -Кімге звондасам? -Әкімге звондасам. -Әкім бірдеңе уәде етіп пе еді?
-Уәделеді, мен ол кісіге арыз жаздым! Заң біреума үкіметте? Біреу деді.Біреу болса біреуді ала, біреуді құла неге қыласыңдар?
Жергілікті билік тарапынан жыл сайын зейнеткерлерге белгілі бір көлемде тегін берілетін қара отынды айтып отыр! Ыңғайы келгесін Есіл ауданының әкімдігіне бізде хабарласып көрдік. -Көмекшісіне қашан хабарластыңыз? -Көмекшісіне дүйсенбіден, субботаға дейін хабарласамын. -Сонда не айтады күніге? -Жоқ, дейді. Очередьті күт дейді. Балаларың қайда дейді, сен маған айқайлайтын кімсің деймін?
Ал кезегі келгенше қыста бітетін секілді Арқада. Оған дейін қажетті отын көлеміне қажетті қаражатты апамыздың өзіне табуына тура келіп тұр! Өйткені, менің есебім бойынша, бұл отбасының зейнетақысынан соқыр тиын да қалмады осы айға! МАҚСАТ ХАЛЫҚ, ЭКОНОМИСТ: «Осы азық-түліктің бағасы,тауарлардың бағасы өсіп жатыр. Ал, бірақ залықтың табысы соңғы жылдары өскен жоқ! Бұл жағдай шынымен, халық табысының ортайып қалуына, төлем қабілетінің түсіп кетуіне, әсерін тигізді».
Әйтпесе, бейнетінің зейнетін көретін шақта ел аралап, денсаулық сыр берсе шипажай жағалап, масаттанғанға не жетсін! Әттең, қолдың қысқалығы -ай!
newstaraz.kz