Новости на Newstaraz.

Қазақстанның шығысында оқу-әдістемелік жиын өтті

newstaraz.kz

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің базасында әскери бөлімдерге бағынысты спорт және физикалық дайындық бастықтарымен үш күндік оқу-әдістемелік жиын өтті.

20-дан астам офицерлер бақылау көрсеткіштерін тапсырды. Жиын барысында армиялық қоян-қолтық ұрыстан, гимнастика мен атлетикалық дайындықтан сабақтар өтті, сондай-ақ таңертеңгілік физикалық жаттығу бойынша көрсетілім болды.

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының жауынгерлік даярлық жөніндегі орынбасары полковник Талғат Сапарбаев биылғы жылы оқу-әдістемелік жиындардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

«Жаңа Ахмер ауылында дене шынықтыру мамандарының жиыны алғаш рет өтті. Айта кету керек, іс-шара тиісті деңгейде ұйымдастырылды. Әскери бөлімнің жақсы спорттық-материалдық базасы да бұған ықпал етті: сабақтар өткізуге арналған жеке спорттық кешеннің, тамаша тир, кедергілер жолақтары мен үй – жайдың болуы», — деді ол.

Жиынға қатысушылардың бірі, әскери бөлімнің дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы капитан Серік Хабаев жиын барысында «қосымша кәсіби білім алып, тәжірибе жүзінде өз теорияларын тексеріп, әріптестерімен тәжірибе алмасқанын» атап өтті. Оның айтуынша, алынған білім мен тәжірибе әскери қызметшілерді оқыту кезінде құнды болады.

«Шығыс» Өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдеріндегі дене шынықтыру және спорт жөніндегі қызмет бөлімдері мен қызметтері жыл сайын жаңа деңгейге дамуда. Өткен жылғы әскери қоян-қолтық ұрыстан.Қорғаныс министрінің кубогында бірінші орын, әскери-қолданбалы спорт түрлерінен Қарулы Күштердің XVI спартакиадасында бірінші орын және тағы басқа қол жеткізілген жетістіктер дәлел болып табылады.
Айта кету керек, 2019 оқу жылының қорытындысы бойынша сабақтарды сапалы ұйымдастырғаны және жеке құрамның дене даярлығы деңгейін арттырғаны үшін дене шынықтыру және спорт бөлімінің үздік бастығы болып капитан Серік Хабаев белгіленді.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »