Қырғызстандағы шахтада болған апаттан екі адам қаза тапты
Қырғызстанның Жалал-Абад облысы Созақ ауданындағы шахтада апат болып, екі адам қаза тапты.
Қырғызстанның төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, қайғылы оқиға 15 маусымда Маркай ауылында болған. Сол күні түсте Оркуту учаскесінде жер опырылып түскені, соның салдарынан екі адам жер астында қалып қойғаны туралы хабар жеткен. Оқиға орнына келген құтқарушылар жер астынан екі кеншінің денесін алып шықты.
Мәліметтерге қарағанда, апат кезінде жараланған бір жұмысшы аудандық ауруханаға түскен.
Еске салайық, 8 маусымда Баткен қаласында дәл осыған ұқсас апат болып, соның салдарынан бір жас жігіт қаза тапқан.
newstaraz.kz