Новости на Newstaraz.

Үкімет АЭС Балқаш көлі маңында салынатынын айтты

newstaraz.kz

Заброшенное здание и озеро Балхаш в поселке Улькен Алматинской области. 13 апреля 2019 года.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда Нұр-Сұлтанда өткен шетелдік инвесторлар кеңесі отырысында елде атом электр станциясы салынатын жер белгіленіп қойғанын хабарлады.

«АЭС салатын жерді анықтап қойдық, енді оны салғысы келетіндердің технологиясын қарастырып жатырмыз» деді Тоқаев.

Президент АЭС нақты қай жерге салынатынын айтқан жоқ. Сол күні энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС Алматы облысындағы Балқаш көлі маңындағы Үлкен ауылында салынатынын айтты.

«Геологиялық, су ресурстары, климат жағдайы, жүйе мен желілердің арақашықтығы секілді түрлі параметрлерге байланысты әзірге учаскенің нақты координатын айта алмаймын» деді министр.

Бұған дейін билік Үлкен ауылымен бірге Курчатов қаласын да атаған.

9 маусымда Ibusiness.kz басылымы «Қазақстандық атом электр станциялары» компаниясының бас директоры Тимур Жантикин, құрылысты салуға ниет білдірген екі америкалық компанияның өтінішін кері қайтарған деп хабарлады. Олар шағын модульді реакторлар құрылысының жобасын ұсынған. Нұр-Сұлтан елдегі алғашқы АЭС үшін бұл технологияны пайдалану қауіпті болуы мүмкін деген шешімге келген деп жазады басылым.

Америкалық компаниялардан кейін қазір төрт компанияның өтініші қарастырылып жатыр.

«Бұл, әрине, «Росатом» (Ресей жобасы), олар қазір бәрінен көп салады. Олардың технологиялары ғана емес, құрылысының өзі жүйеге қойылған. Франция. Қазір нарыққа Қытай кірді, бұған қоса Біріккен Араб әмірліктерінде станция салып, бірінші блогын іске қосқан Корея бар. Олар қазір Еуропа мен АҚШ-та жұмыс істеп жатыр» деді Тимур Жантикин.

Оның сөзінше, 3+ жобасының екі блоктан тұратын стандартқа сай станцияның құны шамамен 8-12 миллиард доллар. Жоба өзін 14-16 жылда ақтап шықпақ.

Энергетика министрлігі жоспарына сәйкес, АЭС құрылысы 2035 жылы бітіп, іске қосылмақ.

Ресей бұған дейін Қазақстанда АЭС салу мәселесін бірнеше рет қозғаған. 2019 жылы сәуірде Ресей президенті Владимир Путин Қазақстан президенті Тоқаевпен кездесуде Қазақстанда «ресейлік технология» бойынша АЭС салу туралы ұсыныс айтқан. Бұл ақпарат Қазақстан қоғамында ірі резонанс тудырды, жұрт ұсынысты сынады.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »