Новости на Newstaraz.

ҰҚК төрағасының экс-орынбасары Марат Өсіпов те қамауға алынды

newstaraz.kz

ҰҚК 23 ақпанда Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Марат Өсіповтің сот санкциясымен қамауға алынғанын хабарлады. Ол «лауазымын асыра пайдаланды» деген күдікпен 22 ақпанда ұсталған.

Елдегі Қаңтар оқиғаларынан соң ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімов және оның екі орынбасары Дәулет Ерғожин мен Әнуар Садықұлов қамауға алынған. Оларға билікті күштеп басып алу, қызметін асыра пайдалану және мемлекетке опасыздық жасау баптарымен қылмыстық іс қозғалған.

елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын серіктерінің бірі Кәрімов ҰҚК төрағалығына 2016 жылы келген. Ерғожин, Садықұлов, Өсіпов оның орынбасары болып 2016 жылы тағайындалған.

Мәсімовтің бірінші орынбасары қызметін Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш атқарып келген еді. Ол да қаңтардағы қырғыннан соң қызметтен кетті.

Билік Қаңтар оқиғасын мемлекеттік төңкеріс деп атаған. Бірақ төңкерісті кім жасамақ болғанын нақты ашып айтпады. Ресми дерек бойынша, Қаңтар қырғыныында 227 адам қаза болып, жүздеген адам қамауға алынды. Қазір 2,7 мың қылмыстық іс қозғалған. Ондаған адамның түрмеде азапталғаны да айтылды. Бас прокуратураның дерегінше, түрмедегі азаптау кезінде алты адам қаза тапқан.

Сарапшылар жыл басындағы қанды оқиғаны Назарбаев пен қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың айналасындағылардың элитааралық қақтығыс деген. Ақорда мен Назарбаев элитааралық жанжалды жоққа шығарған.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »