Новости на Newstaraz.

ҰҚК «Тоқаевқа қастандық жасауды көздеген шетел агентін» ұстағанын хабарлады

newstaraz.kz

Задержанный. Фото: официальный сайт КНБ Казахстана

Бүгін, 3 сәуірде Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Нұр-Сұлтан қаласында «шетел барлау қызметінің агенті» ұсталғанын хабарлады. Комитет сайтындағы ақпаратқа қарағанда арнайы операция 25 наурызда болған.

ҰҚК ресми өкілі Әркен Әбдіғалидің сөзіне қарағанда, «шетел агенті Қазақстан президентіне және бірқатар жоғары лауазымды мемлекеттік қызметкерлерге қастандық жасауды жоспарлаған».

«Шетел агенті» онымен де тоқтамай, Әркен Әбдіғалидың айтуынша, «арнаулы және құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне террористік акт жасауды жоспарлаған».

— «Шетел агенті» әлеуметтік желіде Ресейге қарсы үндеуді насихаттау және қоғамда русофобтық көзқарастарды тудыру тапсырмаларын орындаумен айналысқан,- дейді Әркен Әбдіғали.

Оның сөзінше, «шетел агентін» тінтігенде «дыбыс өшіргіші бар винтовка, есірткі заттары және ірі ақша сомасы тәркіленген». Күдікті — Қазақстан азаматы. Ол «шетел агенті» ретінде жасаған қылмысын мойындаған, қазір үстінен Қылмыстық кодекстің 24 бабының 1-бөлігі және 255 бабының 4-бөлігі бойынша іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

Кемі 230 адам өлген биылғы Қаңтар оқиғасынан кейін Нұр-Сұлтан «бандиттер мен халықаралық терористерді» айыптаған, бірақ нақты дәлел келтіре алмаған.

Қазір ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы мен үш орынбасары «Отанға опасыздық жасады» деген айыппен қамауда отыр.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »