Новости на Newstaraz.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ “ОРИГИНАЛ” АРУЛАР КӨБЕЙЕДІ

newstaraz.kz

Шынайы келбетті көреміз! Бет әлпетін фотошоппен өңдеп, әдемі ететін бикештер енді ешкімді алдай алмайды. Жасанды сұлулыққа әбден тойған әлеуметтік желілер енді өңделген, дұрысталған суреттерді жүктемейді. Оларды бірден блокқа тығып тастайды екен. Осындай жолмен табиғи сұлулықтың маңызын арттырмақшы. Алайда сылқым суреттерімен танымал болып, талайды тамсандырған жасанды аруларға бұл бастама жақпаған сыңайлы. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

«Кімді алдап жүргенімізді білмеймін. Бірақ қазір не көп? Фотоңызды өңдеп, түріңізді сәндеп беретін бағдарламалар көп. Көзіңді үлкейтіп, жалпақ мұрныңды сопақ қылдырып, шашыңның түсін өзгертіп, денеңді арық етіп, қаласаң тіпті локацияңды да ауыстырып жібереді. Алайда мұнымен тоқтаған біреу бар ма? Күннен-күнге жаңадан фильтрлар шығып жатыр, жастар оған қызығып, жарыса желіге жүктеп жатыр. Жұрттардың шынайы келбетін де ұмыта бастадық қой содан»
Жеңіл дегеннен шығады ғой. Қазір үлкендерді қойшы, бесіктен белі шықпаған балалар да желіге сапалы дүние жүктеуден кетәрі емес. Түрлі бағдарламаларды жүктеп, суреттерін өңдеп жүрген олар да көп лүпіл жинауға әуес. Қысқасы жасанды образдардың қатары күн санап артып келеді.

«Артық қыламын деп, тыртық қылып», шынайылығын жоғалтып бара жатқан жастардың артуы танымал әлеуметтік желі басшылығын да алаңдатқан. Ендігі өңделген суретті жүктеймін дейтіндердің ойлағаны жүзеге аспайды. Инстаграм оны блокқа тығып тастайды. Демек бикештер енді өмірде қандай, желіде де тура сондай болады. Былайша айтқанда, ешкімді алдай алмайды. Ал өздері бұл жаңашылдық туралы не ойлайды екен?

«Ол не керек? Керек емес зат сияқты»
«Ну я думаю, что люди найдут какой ни будь другой выход.»
«Олда енді адамның кішкене шығармашылыққа жақындығы бар екенін көрсетеді ғой, егер өңдесе. Оны да кішкене жауып тастайтын сияқты»
«Чем естественней, тем лучше. вы за естественность получается? Конечно. Видите нет накладных ресниц ничего”.
Жалпы фотошоп сияқты бағдарламаларды кімдер пайдаланады өзі? Көбіне өзіне сенбейтін, келбетін жақсы көрмейтін, комплексі бар жандар екен. Міне солар үшін инстаграмдағы жаңашылдықты қабылдау қиынға соғатын тәрізді. Сонда қайтпек керек?

ЕРЖАН ӨМІРБАЙ, СҰЛУЛЫҚ БАЙҚАУЛАРЫНЫҢ МЕНЕДЖЕРІ
«Біз жастарымызды қолдау ретінде көптеген мотивациялық, өз-өзіне сену, комплексті жоятын тренингтерді өткізуге тура келетін шығар онда алдағы уақытта.»
Мотивациялық тренингтердің жұмысы қыза түсетін сияқты ғой демек. Хош, идеал адам жоқ. Бәрінің кемшілітері бар. Бірақ көбі оған көнгісі келмейді. Өзін мінсіз етіп көрсеткісі кеп, фотошоптың көмегіне жүгінетіндері де сол ғой. Алайда шынайылық қашан да трендте емес пе? Инстаграмда болғалы тұрған жаңашылдық та соны айтып тұрған жоқ па?

«Қалай жаралды солай болып қалу керек қой. Ондай жасанды түрдің қажеті жоқ деп ойлаймын. Әсіресе қазақ қыздары мен жігітеріне айтарым сол»

Первый канал Евразия

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »