Өзбекстанда қамауда отырған әйелді зорлады деген абақты басшысы қызметінен алынған
Өзбекстанның Жызақ облысында уақытша тергеу абақтысында әйелді зорлады деп күдіктелген изолятор жетекшісі қызметінен алынып, оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.
Биыл маусым айында «алаяқтық» бабымен күдікке ілінген әйел уақытша тергеу абақтысына жабылған. Ол 21 маусымда түнгі 11 шамасында өзін абақты басшысы алдына апарғанын айтады. Әйел мекеме басшысы тарапынан сегіз күн зорланғанын жеткізген.
Бұл оқиға бойынша Жызақ өлкесінің прокуратурасы әйелді зорлау бойынша тергеу ісін бастағанын мәлімдеді.
Әйелді зорлады деген күдікті қызметінен алынып, оның орнына жаңа басшы тағайындалғаны белгілі болды.
newstaraz.kz