Өзбекстанда соңғы 80 жылдан бері болмаған қатты селден 4 адам көз жұмды
Жызақ облысында қатты су тасқынынан бір ер, үш әйел қайтыс болды деп хабарлайды Өзбекстанның төтенше жағдайлар министрлігі.
Мекеме мәліметінше, қатты селден тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар және мал жайылатын жерлер зардап шеккен.
Қазір сел салдарын жөндеу жұмыстары жүріп жатыр.
Өзбекстанның ауа-райын болжау қызметі соңғы 80 жылдан бері мұндай қатты сел болмаған деп дейді. Су тасқынынан құтқару жұмысына 520 адам тартылған.
newstaraz.kz