Түркияда әскери әйелдердің хиджаб киюіне ресми түрде рұқсат берілді
Фото: muslim.kz
Бұған дейін хиджаб Түркия полицейлерінің униформасына енгізілген болатын. Енді әскердегі әйелдерге де жеңілдік жасалып отыр.
Дегенмен, кейбір шарттары да бар. Орамалдың түсі униформаға сәйкес келуі керек және бас киімнің ішінде болуы тиіс. Бет ашық тұруы қажет.
Айта кетейік, 2017 жылдың басында хиджаб және тюрбан америка полицейлерінің де ресми формасының қатарына қосылған болатын.
newstaraz.kz