Новости на Newstaraz.

16 жасар қызы жездесінен жүкті болған келіншек азапты өмірін баяндады

newstaraz.kz

Жанаткүл. Фото: Замана

Оңтүстік Қазақстан облысы Бәйдібек ауданының тумасы Жанаткүлдің тағдыры мен бүгінгі жай-күйін тыңдасаңыз, өзіңізді жұмақта жүргендей сезінетініңіз анық деп жазады «Замана» басылымы.

Жанаткүл Баелова – Бәйдібек ауданының тумасы. Жасы 35-те. Тағдырдың тауқыметіне тап болған әйел бүгінде Шымкент қаласындағы «Төменгі Отырар» мөлтек­ауданында («Ғажайып» тойханасының маңында) орналасқан «Әлия» азық-түлік дүкенінің жертөлесінде өмір сүруде.

Бәйбішеден туған балалар біз тұрып жатқан үйге таласып, бізді қуып шықты

«Мен — тоқалдан туған қызбын. Әкеміздің бұрынғы әйелінен үш ұл, бір қыз болған. Ал біз екінші әйелден үш қызбыз. Мен — үйдің үлкенімін. Обалы не керек, әкеміз барда ел қатарлы өмір сүрдік. Әйтеуір біреуден кейін, біреуден ілгері дегендей, ішерге асымыз, киерге киіміміз, басымызда баспанамыз болды. Бірақ мен 3-ші сыныпты бітірер жылы ол кісі өмірден өтті де, біздің басымызға бұлт үйірілді. Бәйбішеден туған балалар біз тұрып жатқан үйге таласып, ақыр соңында біз нағашыларымыздың қолында тұруға мәжбүр болдық. Алтыншы сыныпты бітірген соң менің одан әрі оқуға мүмкіндігім болмады. Анам марқұм аурушаң болатын, соған қолғабыс етейін деп жастайымнан еңбекке араластым. Қандай жұмыс кездеседі, соны істей беретінмін», — деп өткенін есіне алды әйел.

«Қысқасы, не керек, көп өтпей анамыз да өмірден өтті. Содан кейін мен біз тұрған үйге көшіп алған ағамның үйіне (бәйбішеден туған бала) барып тұрдым. «Қанымыз бір ғой, панасына алар, сіңлілеріме жәрдемдесер» деген ой болды менде. Сөйткен ағам күндердің күнінде мені ауылдағы есі кіресілі-шығасылы бір жігітке әйелдікке беріп жіберді. Бала кезімнен әлгі жігіттен зәре-құтым қалмай қорқатынмын. Бірақ амал жоқ, артыңда сөзіңді сөйлер ешкім болмағасын әумесердің әйелі болып шыға келдім, тағдырдың басыма салғанына көндім. Балалы болса ауруынан айығар деп ойладым», — дейді Жанаткүл.

Уа­йымнан мерзімінен бұрын босанып қалдым

«Дегенмен бәрі мен ойлағандай болмады. Күн сайын жынды кү­йеудің тая­ғын жеп, әбден қорлық көре берген соң Таразға, туыс әпкемнің үйіне қашып кетуге мәжбүр болдым. Сонда жүргенімде жынды күйеуімнің қайтыс болғанын естідім. Ол кезде аяғым ауыр еді, уа­йымнан мерзімінен бұрын босанып қалдым», — деп күйінді әйел.

Жеті айлық қызды дүние­ге әкелген Жанаткүлдің жағдайы бұдан әрі тым шиеленісе түседі. Не алған білімі, не басында баспанасы жоқ 16 жастағы келіншек Шымкентке, бәйбішеден туылған әпкесіне барады көмек сұрап. Ол кісі Жанаткүлге көмектесетінін айтып, қолындағы сәбиді алып қалады.

«Өзім бағамын, өзім асыраймын. Ал сен өз күніңді көре бер», – деп шығарып салады.

Содан не керек, Жанаткүл Шымкенттегі базарлардың бірінде жүк тасушы болып жұмыс істейді. Араға біраз уақыт салып өзі секілді жүк тасушы болып істейтін бір жігітпен танысып, шаңырақ көтереді. Бірақ ол да ішімдікке жақын, нашақор адам болып шығыпты.

Ақыр аяғында араға адам салып жүріп күйеуімді өлтіртті

«Бастапқыда екеуміз жап-жақсы өмір сүрдік. Ауылда, ене­міз­дің қолында, яғни қарашаңырақта тұрдық. Дүниеге тағы бір перзент әкелдім. Бар мәселе осы кезден басталды. «Мына қатын ұл туып берді, яғни қарашаңыраққа ие болмақ түрі бар» деп ойлаған қайынағам күн сайын келіп, күйеуімді ұрып кететін. Ақыр аяғында араға адам салып жүріп күйеуімді өлтіртті, ал анасы мен бізді үйден қуып шығып, өздері қоныстанып алды. Осылайша мен тағы да далада қалдым», — дейді Жанаткүл.

Бейшара қызымды 2011 жылдан бері әпкемнің күйеуі зорлап келіпті

«Қалаға келіп, қазіргі тұрып жатқан жертөлені тауып алдым. Бұл жер «Әлия» деп аталатын дүкен қожайынына тиесілі. Құдайға қараған адам екен, маған тегін тұруға рұқсат етті. «Өз-өзіме келдім ғой, тұратын жер табылды. Енді қызымды қолыма алайын, бірлесе күн көрейік, табыс табайық», – деп ойлап, әпкемнің үйіне барсам, қызымның аяғы ауыр екенін білдім. Сөйтсем бейшара қызымды 2011 жылдан бері әпкемнің күйеуі зорлап келіпті. «Біреуге айтсаң өлтіремін!» деп қорқытып қойған соң қызым байғұс ешкімге ол туралы тіс жармаған ғой. Қарны шермиіп, айы-күні жеткенде бір-ақ білдік бәріміз. Содан айқай-шу басталды», — дейді әйел.

«Қызымды зорлаған жездемді сот­қа беріп, ол 18 жылға түрмеге тоғытылды. Ал қызым қазір босанып ал­ған, Шым­кенттегі Аналар үйін паналап отыр», — дейді Жанаткүл.

16 жасында ана атан­ған қызы да орта білім алмаған екен. Ал енді осы олқылықтың орнын толтырып, Аналар үйінде білім алып жатқан көрінеді.

Жанаткүлдің өзі болса «Шымкент – жасыл қала» деп аталатын серіктестікте еңбек етіп жүр. Қыстыгүні қар күрейді, ал жазда көше бойындағы гүлдерге күтім жасайды. Осы үшін ай сайын 48 мың теңге жалақы алады екен.

Айлығым шайлығымнан артылмайды

«Балам биыл мектепке барды. Бірақ құжаттары тура емес. Туу туралы куәлігінде ЖСН нөмірі жоқ. Ал оны алу үшін белгілі бір мекен-жайда тіркелуіміз керек екен. Қазір тұрып жатқан жертөле маңындағы үйлердің біріне уақытша тіркеуге тұрайын деп өтініш білдірсем, олар 40 мың теңге ақы сұрауда. Ал менің ондай ақшам жоқ. Айлығым шайлығымнан артылмайды», – дейді Жанаткүл.

Расында да Жанаткүл тұрып жатқан жертөлені баспана деп атай алмайсың. Қуықтай ғана бөлмені баласы екеуі газ баллонмен жылытып отыр. Астарына төсейтін төсеніш те жоқтың қасы. Күндіз-түні қосулы тұратын газ плитасынан шыққан бу жертөленің ішін көгертіп жіберіпті. Ыдыс-аяқтары да жеткіліксіз.

Бірақ күйіктен ішімдік ішіп, жеңіл жүріске түскен емеспін

«Осыншалықты күйге түсетіндей Құдайға не жазып едім деп кейде жүрегім ауырады. Неге өзгелер секілді жарқырап жүре алмаймын деп көз жасыма ерік беретін кездерім көп. Бірақ күйіктен ішімдік ішіп, жеңіл жүріске түскен емеспін. Соным үшін кез келгенінің алдында басымды көтеріп жүре аламын, шүкір. Менің ендігі бар арманым – баспаналы болу. Бір бөлмелі болса да өз үйім болса, өсіп келе жатқан балам қатарластарынан ұялмай-қызармай жүрсе деймін. Ал дәл қазіргі жағдайда маған киім-кешек, азық-түлік, тұрмыстық заттар әкеп беремін дейтін жандар болса, қуана қабылдар едім», – дейді Жанаткүл.

Жанаткүлге расында да жәрдем керек. Ол өзіне тек ақшалай көмек керек деп отырған жоқ. Кімнің кимейтін киімі бар, кімде артық кілем, төсеніш бар, соларды әкеліп берсе де қуанар едім дейді. Жанаткүлдің байланыс телефоны – 8-771-326-09-85.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »