17 ЖЫЛ ОТАСҚАН ЕРЛІ-ЗАЙЫПТЫЛАР ЕЛДІ СПОРТҚА БАУЛЫП ЖҮР
Шынықсаң шымыр боласың! Бес баланың анасы күйеуімен бірге шенеуніктерді жаттықтырып, түрлі жарыста топ жарып жүр. Оларды іздеп жүріп, жаттығу залына жазылатындардың санында шек жоқ. Елді аузына қаратқан ері мен әйелі үйде бес бала тәрбиелеп отыр екен. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.
Біздің кейіпкерлерімізге адам сүйсінеді. Әсіресе, сымбатына қарап, таң қаласыздар. Олар көпке үлгі, ерекше отбасы. Отасқандарына 17 жыл болған. Осы уақыт ішінде ері мен әйелі спортзалда жарыса жаттыға жүріп, дене шынықтырған. Өздері шынығып қана қоймай, өзгелерді де спортқа баулып жүр.
Таныс болыңыздар, Сағадат пен Әсем Салмановтар! Ерлі-зайыптылардың үйде де, түзде де жұбы жазылмайды. Бір қызығы, спортпен кәсіби түрде отағасы Сағадат айналысып бастаған. Бодибилдингпен. Талай жарыста топ жарған. Ел ішіндегі жарыстар былай тұрсын, Орта Азия, Еуропада жүлделі орын алыпты. Келіншегі Әсемнің спортқа келуіне де өзі сеп болған.
САҒАДАТ САЛМАНОВ, БОДИБИЛДЕР, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:
-Бес баланы туғаннан кейін қай келіншектің де формасы жақсы жағына кетпейді ғой. Сөйтіп, 78 келіден қайтардық ғой. Әйтпесе, жүре бергенде 90 кг болатын еді.
— Сіз жүр дегенге бірден келісті ме?
— Сразу келісті. Неше жыл отырдың үйде? 12 жыл отырды ғой, үйден шықпай. Жүр дегенде атып шықты. 3 жылда формасын келтірді ғой.»
Сырт мүсіні сымбатты Әсемге қарап, бес баланың анасы екеніне сенбей, таң қалатындар өте көп. «Мұның бәрі еңбектің, жаттығудың арқасы» дейді ол. Сондықтан, жас босанған келіншектер дене пішінін тез қалыпқа келтіргісі келсе, спорт залға баруға уақыт жоқ деп сылтау айтпай, үйде де қарапайым жаттығулар жасаса болатынын айтты.
ӘСЕМ САЛМАНОВА, ФИТНЕС ЖАТТЫҚТЫРУШЫ:
— Қандай жаттығуларды үйден шықпай-ақ жасауға боалды, мысалы?
— — Сізге көрсетейін деп тұрмын соны. Әртүрлі салмақта жасауға болады. Салмағы бар зілтемірсіз де жасауға болады.
— Мында қанша келі?
— 20
— Қанша рет көтеру керек?
— 15 рет.
— Өз тәртібі бар шығар?
— Иә, аяқты алшақ ұстаймыз. Тізені ашу керек.
— Сонда мұның пайдасы қандай?
— Аяқ пен бөксеге.
Әсемді іздеп келетін қыз-келіншектердің көбісі артық салмақтан арылып, ал кейбірі бұлшық ет қалай жинаймын деп кеңес сұрайды екен. Кеңесіне құлақ түрсек, әуелі жеңілден бастаған жөн. Яғни, 10 келілік зілтемірді дәл осылай 15 рет көтеру қажет. Бұл іштегі және бөкседегі артық майларды кетіреді. Жалпы жаттығудан нәтиже болсын десеңіз, 1 сағат уақыт бөлу керек.
Сағадат пен Әсем бір залда жаттықтырады. Сағадаттың клиенттерінің арасында шенеуніктер де бар. Әдетте түс уақытында жаттығады екен. Бодибилдерден көптің көкейіндегі сауалды қойдық.
САҒАДАТ САЛМАНОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ, БОДИБИЛДЕР: «Бәрі бұлшық етін шығарғысы келеді ғой. Бізде тамақ бұрынғыдай емес. Адам бірінші очередь тренировка пропускать етпеу керек, питаниені дұрыстау керек. Тортын жеп, бургерін жеп, нан мен майды, майонезін жеп жүрсе, жай арықтайды. Ал правильное питаниеге көшіп, тренировка жасап, уақытылы ұйықтап, демалса тез арықтайды”.
Ерлі-зайыптылар күні-түні жұмыста жүргенде бес баласына әжелері бас-көз болады екен. Келінінің темір-терсекке әуестігін сынға алмайды. Әсем сол үшін де енесіне риза екенін айтты. Бес баланың күтімі енесінің мойнында. Бірақ, отбасы ошақ қасында Әсем ешқашан келіндік міндетін ұмытқан емес.
ӘСЕМ САЛМАНОВА, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: «Енеммен тұрамын. Өте жақсы адам. Сол кісіге рахмет айтамын. Көп көмегі тиіп отыр. Сол кісінің арқасы ғой осылай еңбек етіп жүргеніміз»
Ерлі-зайыпты Салмановтарды арнайы іздеп жүріп, жаттығуға жазылатындар өте көп. Өйткені, олардың жаттықтыру тәжірибесіне ғана емес, көпке үлгі боларлық отбасы екеніне де сүйсіне қарайды.
newstaraz.kz