21 жастағы бойжеткенді құрдастары әдемілігіне бола аяусыз соққыға жыққан (фото)
Фото: Zanoza.kg
Оның сөзінше, 30 маусымнан 1 шілдеге қараған түні ол құрбысы Мадинаның туған күнін тойлау үшін сауда орталықтарының бірінде орналасқан түнгі клубқа барады.
«Түнгі екі шамасында мен клубта өзімнің ескі танысым Хадижаны ұшырастырып қалдым. Ол бірден мені «түнгі клубтан тірі шықпайсың» деп қорқыта бастады«, — дейді Джулия.
Оның құрбысы Мадина бірнеше жыл бұрын Хадижамен дос болған. Мадина одан қарызға ақша алыпты.
«Кейін олардың арасы суып кетті, Хадижа Мадинадан қарыз ақшасын сұрай бастады. Біраз уақыт өткенде сол қарызды менен сұрауды шығарды. Маған: «Мадинаның құрбысы болғандықтан қарызды сен қайтаруың керек», — деп қоймады. Әрине мен одан мазамды алмауын өтіндім. Бірақ Хадижа әлеуметтік желіде маған қоқан-лоққы көрсете бастады. Мен жаңа парақша ашуды шештім. Алайда Хадижа мені тағы тауып алып, қорқытуын жалғастырды. 1 шілде күні біз кездестік», — дейді Джулия.
Ярмоленконың айтуынша, сол түні оның жанында екі құрбысы болған.
«Олардың бірі мені және Мадинаны ұстап тұрды, ал Хадижа бізді ұрды. Ал үшінші құрбысы бізді телефон камерасына түсіріп тұрды. Милиция келгенде олар оқиға болған жерден ештеңе болмағандай кетіп қалды, ал тәртіп сақшылары оларды тоқтатуға тырысқан да жоқ. Бізді соққыға жығып жатқанда, біз оларға қарсыласып қорғанбадық. Өйткені төбелесіп кетсек не болатынын білдік. Осы жайттан кейін таңертең мен милицияға барғанда менің шағымымды қабылдағысы келмеді. Бірақ соңында тіркеді. Бүгінгі таңда олардың үстінен «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғалды. Бірақ тергеуші Эдиль Мурзабеков істі созып, соңынды тіпті демалысқа шығып кетті. Істі басқа тергеушіге өткізген», — дейді бойжеткен.
Бойжеткен Хадижаның Джулия мен оның құрбысын ұрып тастағанын мойындаған хатын көрсетті. Ярмоленконың айтуынша, ол тергеушіге істі тоқтату үшін 500 доллар бергенге ұқсайды.
«Ол желіде таныс прокурорым бар деп мақтанады. Менің денсаулығыма кері әсер етіп жатқан жарақатым бар. Хадижаның қаладан шығып кетуге болмайтыны жөнінде қолхаты бар. Бірақ ол бүгін Алматыда жүр«, — дейді Ярмоленко.
Бойжеткеннің айтуынша, оны қыздар әдемілігіне қызғаныштан соққыға жыққан.
Бішкектік ішкі істер департаменті Джулия Яромленкодан шағым түскенін растады. Сараптама қорытындысы Яромоленконың жарақаты денсаулығына қатты зиян келтірмегенін анықтады. Шағымның негізі бойынша «Бұзақылық» бабымен қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер Хадижадан жауап алу кезінде ол Ярмоленконы бірнеше рет ұрғанын мойындаған.
Ал Хадижа тергеушіге ешқандай ақша бермегенін, Яромоленкоға қолының ұшын да тигізбегенін алға тартады.
Тергеу жалғасып жатыр.
newstaraz.kz