Новости на Newstaraz.

22 жастағы қыз туған әкесіне пышақ сұғып алды

newstaraz.kz

Әкесіне пышақ жұмсаған қыз бір жыл бұрын күйеуімен ажырасыпты.

Отбасылық жанжал қанды оқиғаға жалғасты. Шымкентте 22 жастағы қыз туған әкесін пышақтап тастады. Қансыраған 46 жастағы азамат шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген. Оған жедел түрде ота жасалды. Қазір оның жағдайы әлі де ауыр, жансақтау бөлімінен жалпы палатаға ауыстырылды, деп хабарлайды otyrar.kz.

Әкесіне пышақ жұмсаған қыз бір жыл бұрын күйеуімен ажырасыпты. Соңғы уақытта кішкентайымен бірге төркінінде тұрып жатыр екен. Оқиға отбасылық кикілжің барысында орын алған. Анасы мен қызы жұлысып жатқанда әкесі екеуін арашаламақ болыпты. Сол кезде қызының қолындағы ас үй пышағы анасының емес, әкесінің денесіне кірген. Сол уақытта әкесі арашаламағанда ол пышақ анасына бағытталатын еді ғой. Туған қызының қолынан мерт бола жаздаған әкесі арызданудан бас тартып отыр.

Тек қызының үйден кетіп, өздеріне тыныштық беруін ғана сұранып отыр. Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасының бөлім меңгерушісі Сәбит Байбосынов науқастың жағдайы әлі де ауыр екенін айтады. Оның сөзінше, жәбірленушінің ішінің оң жақ тұсына кірген пышақ аш ішектің үш жерін кесіп жіберген. Соның салдарынан ішке қан кеткен.

Біраз уақыт кешіккенде бәлкім бақилық болуы да ғажап емес еді . Ал Шымкент қаласындағы Әл-Фараби аудандық ІІБ бастығының орынбасары Ердәуіт Ниязов осы фактіге байланысты ҚР ҚК 106-бабына сәйкес іс қозғалып, тергеудің жүріп жатқанын мәлім етті.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »