Новости на Newstaraz.

27 жыл бойы шешесінің таяқ жегеніне шыдай алмаған жігіт әкесін сабап тастады

newstaraz.kz

Отбасылық -демографиялық саясат істері жөніндегі хатшы Ақмарал Хон

Ақтөбеде әйелдер ісімен айналысып отырған мамандар тұрмыстық зомбылықтан зардап шеккен әйелдердің көбейгенін айттып, дабыл қақты.

«Тұрмыстық жанжалдан қиындық көрген әйелдер көп келеді. Олар күйеулерінің ұрғанын, енелерінен зорлық-зомбылық көріп отырғанын, қайын аға, қайын ападан көріп отырған қиындықты айтқан кезде шашымыз тік тұрады. Мұндай проблемалар жасырын қалмау керек, айтылуға тиіс. Келінін мазалап, балағаттап отырған енелер бар», — дейді облыс әкімдігі жанындағы отбасылық -демографиялық саясат істері жөніндегі хатшы Ақмарал Хон.

Әкімшілік қызметкері 27 жыл бойы күйеуінен таяқ жеп келе жатқан алты балалы ананың жағдайын баяндап берді.

«Кеше маған бір апай келді. Жолдасымен 27 жыл бойы отасқан. Осы 27 жыл бойы ұрып келе жатқанын айтты. Алты бала туған. Соған қарамастан күйеуі ұруын тоқтатпаған. Әйел бәріне шыдаймын деп отыр. Күйеуі арақ ішкенде ғана қол көтереді екен. Жолдасының қаншалықты ішімдікке салынғанын сұрағанымызда тек демалыс күндері ішетінін айтты. Ішкен кезде балаларына да маза бермейді екен. Ол кісінің балалары өскен. Үйіндегі жағдайды көріп өскен 27 жастағы жігіт жақында әкесіне қол көтерген. «Мамамды неге ұрасың» деп ішімдік ішкен әкесін ұрған. Әйел осы жағдайдан қорқып, бізге келіп көмек сұрады. Ең сорақысы мұндай жағдайлар көп. Әкелерін ұрып, өлтіріп алғандар да бар. Әбден қорлық көрген күйеуелерін әйелдердің өздері өлтіреді. Сол үшін түрмеде отырады. Соларға қарасаң өздері қорлық көруші, соңында өздері қылмыскер болады», — дейді ол.

Әйеліне бір тиын ұстатпай, психологиялық қысым жасап отырғандар да бар болып шықты.

«Зорлық көрсетудің де әр түрі бар. Әйелге қол көтеру, психологиялық қысым, сексуальдық қысым, экономикалық қысым да кездеседі. Бірнеше жыл бірге тұрған әйеліне бір тиын ұстатпайтын отбасылар бар. Тұрмыстық зорлықтың түрлері көп, шешімі бір. Дамыған елде балалар, отбасылар бақытты болу керек. Барлығы байланысып жатыр. Қыздарға арлы болуды, жігіттерге жауапкершілікті көбірек сіңіріп тәрбие беруіміз керек. Сонда ғана біз отбасындағы зорлықтан құтыламыз», — дейді Ақмарал Хон.

Өткен жылы елімізде 285 әйел отбасындағы зорлық-зомбылықтың кесірінен көз жұмған. 40 мыңнан аса әйел түрлі дене жарақатын алып зардап шеккен.

Nur.kz

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »