35 ЖАСТАҒЫ БИКЕШ: БАЛА СҮЮДЕН БАС ТАРТАМЫН!
Перзент сүюден бас тартамын!. Елімізде баласыз өмірді тандаған жастардың қатары артып барады. Араларында тіпті балаларды жек көретін деңгейге жеткендері де бар екен. Ана болуды азап, әке болуды әлек көретіндер неге көбейіп барады? Әріптесім олардың өздерімен тілдесіп, біраз жайтқа қанық болды. Бұл туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды. КАПЕРНАУМ К/Ф ҮЗІНДІ «Зейн Альхаджи, снимите с него наручники, ты заешь почему ты здесь? Знаю. Почему? Потому что дали мне жизнь» Көптің жүрегін жаулаған ливандық «Капернаум» киносынан алынған үзінді бұл. Көпбалалы отбасында дүниеге келген жеткіншектің киер киімі, ішер асы, тұрар баспанасы болмаған соң, өлместің күйін кешеді. «Балалық шағымды ұрладындар, жағдайымды жасауға күштерің жетпейді екен, онда өмірге не үшін әкелдіндер?!» деп ата-анасын сотқа берген еді. «Бала ол үлкен міндет. Ол үлкен қып-қызыл шығын. Бала асырау оңай емес.» Ал бұл қарағандылық Гүлім Оразбаева. Жасы 35-те. Тұрақты жұмысы, басында баспанасы бар. Өмірде біраз жетістікке жеткен ару отбасы құрып, балалы болуды ойына мүлдем алмайды екен. «Біреудің маған масыл болғанын қаламаймын, сондықтан өмірімді өзіме арнаймын», — дейді ол. ГҮЛІМ ОРАЗБАЕВА, ЧАЙЛДФРИ: «Мен өзі балаға тым қаттымын. Мен балаларды жақсы көрмеймін. Бала көп ортаға бармауға тырысам. Бұл мәселенің түбі де негізі өте терең. Қазір білім, денсаулық және т.с.с салаларға қарап отырсам, жағдай онша емес та, сондықтан менің баламның мынадай жағдайда өсуіне қарсы болар едім. Сондықтан мен одан бас тарттым мүлдем.» Гүлім сияқтылар өздерін «чайлдфри» деп атайды. Елімізде әзірге олардың нақты қанша екені белгісіз, өйткені әлі күнге дейін статистика жүргізілмейді. Бірақ әлеуметтік желідегі
парақшаларына 50 мыңнан астам адам жазылыпты. Бұл ретте сарапшылар, мұның соңы жақсылыққа апармайтынын, сондықтан тез арада шара қолдану керектігін айтып отыр. САЛТАНАТ ОРАЗБЕКОВА, ӘЛЕУМЕТТАНУШЫ «Көбіне қазақ отбасыларында ең көп дегенде 3 бала. Саны да қазір азайып жатыр. Бұл тенденция бізде жылдан-жылға өсе бастайды чайлдфри деген. Оған қоса, әйелдердің отбасы құруының жастарының жоғарылауы. Яғни бұрын 25 жас болса, қазір 35-40. Ол да өзінің үлесін тигізбей қоймайды» Депутаттар да алаңдауға негіз барын ескертіп отыр. Өйткені баласыз өмірді таңдаған жастардың көбеюі ел демографиясына үлкен зиянын тигізеді, дейді. ЗӘУРЕШ АМАНЖОЛОВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ «Ананың өзінің физиологиялық қасиеті бар. Ер жетіп, бала көтеріп, оны босанып, еміздіріп, сонда ол өзінің аналық қасиеті. Себебі ана болу өте жоғары қасиет қой» Айта кетерлігі, елімізде бала туу көрсеткіші жыл сайын төмендеп келеді. Тіпті Орталық Азия елдері арасында антиүздіктердің қатарына еніппіз. Ең өкініштісі, ата-ана болудан ерікті түрде бас тартқандардың барлығы балалы болуға қауқарлы екен. Мұндайда қанша жылдан бері бір перзентке зар болып жүргендерді көріп, еріксіз мұңаясын. КҮЛЗИПА НАМЕТҚҰЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ « Біз экомен туғызатын Салтанатта да болдық. Мүмкіндік аз дейді, өте аз. Емделмеген жерім қалған жоқ. Мен емімді әлі тоқтатқан жоқпын. Әлі-әлі. Күйеуім де өзім де. Уақыт өтіп кеткен дейді» Бұл ретте мамандар, шетелде қанша жылдан бері белең алған «чайлдфри» ағымы елімізге ертелі-кеш болсын, бәрібір келетін еді, дейді. Дегенмен… ЖАРЫҚГҮЛ ҚҰРМАНБАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Қыз баланың осы өмірге келгендегі негізгі міндеті, борышы- өмірге ұрпақ әкелу және аналық борышы болып саналады.»
newstaraz.kz