70 жастағы қария қажылыққа велосипедпен аттанғалы жатыр (видео)
Мамат Таштанов. Фото: muslim.kz
Мамат ақсақал қасиетті мекенге велосипедпен жеткен қажылардың алғашқысы да, соңғысы да емес. Алайда, бір таңғалдыратыны ақсақалдың бүгінде жасы жетпісті алқымдап қалғаны.
Қатарластары таяққа сүйеніп жүрген шақта велосипедпен қажылыққа баруды жоспарлап жүрген Мамат ақсақал өз денсаулығына сенімді екенін айтады. Күнделікті өмірін бес уақыт намаз және спорттық жаттығулармен өрнектеген қария әлі күнге дейін мұз айдынына барып тұрады.
Мамандығы басқа болса да, Мамат Ташанов ұзақ жылдар хоккей командасының жаттықтырушысы болып қызмет атқарған екен.
Қарияның есептеуінше, оның бұл сапарына шамамен 8 ай уақыты кететін көрінеді. Сондай-ақ, ақсақал өзінің бұл сапарында 50 градустық аптапты, 30 градустық аязды жерлерді басып өтетін болмақ.
newstaraz.kz