Новости на Newstaraz.

Ақорда: Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекет құруға немесе құрамына кіруге ниетті емес

newstaraz.kz

«Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекет құруға немесе құрамына кіруге ниетті емес». Қазақстан қоғамында елдің ЕАЭО-мен қатынасы қызу талқыланып жатқан шақта 26 мамырда президенттің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай осылай деп мәлімдеді.

«ЕАЭО аясындағы интеграция экономикалық сипатта ғана жүруі керек. Бұл – Президенттің негізгі ұстанымы. Оның шеңберінен шығу ұйымның жарғылық құжаттарының мақсаттарына, принциптері мен міндеттеріне қайшы келеді» деп жазды президенттің баспасөз хатшысы.

Желдібай экономикалық интеграцияның «халық үшін маңызын» атап өтіп, «ЕАЭО-ның екі мүшесі – Ресей мен Беларусь өзара ықпалдастықтың жоғары деңгейіне шықты» деп президент Тоқаевтың Мәскеуде айтқан сөзін қайталаған.

«Осы ретте мүлде басқа мақсаттарды көздеген екі түрлі интеграциялық жоба шеңберіндегі бастамалардың ара-жігін ажырату аса маңызды. Біздің елімізге келетін болсақ, Қазақстан қандай да бір одақтас мемлекеттер құруға немесе олардың құрамына кіруге ниетті емес және оны жоспарлап отырған жоқ» деді Желдібай.

24 мамырда Мәскеуде Еуразия экономика форумында сөз сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей мен Беларусь одақтастығы мен ЕАЭО-ға мүше өзге елдердің қатынасын салғастырған.

«Біз ескеруге тиіс концептуал шындық немесе ерекшелік бар. Бұл – Еуразия экономика одағы аясындағы Ресей мен Беларусь одағы. Яғни әлемдік саясат тарихында бірегей құбылыс пайда болды – саяси, заңнамалық, әскери, экономикалық, валюталық, мәдени, гуманитарлық кеңістігі бір, біртұтас одақ үкіметі мен біртұтас одақ парламенті бар «Екі ел – бір мемлекет» формуласы бойынша мемлекет құрылды. Кешіріңіз, тіпті қазір екеуінің ядролық қаруы да ортақ» деген еді Тоқаев.

Оның сөзі желіде қызу талқыланған. Кей сарапшылар Қазақстан ЕАЭО-дағы «әріптестіктен» ұтылып жатса да, одан бас тартпай отыр деп сынаған. Саясаттанушы Досым Сатпаевтың ойынша, президент Тоқаев бұл сөзімен ұлттық мүддені көрсеткісі келмеді, керісінше, екі ел одағын ескеріп, экономикада жаңа ойын ережесін құруды ұсынды.

– Тоқаевтың сөзі жартылай аяғы ауыр сияқты болды. Бір нәрсе туатындай көрінді, бірақ екі қадам жасамас бұрын, Еуразия экономикалық одағы аясында жұмыс істейміз деп айтып алды. Алайда бізге жаңа ойын ережесін анықтау керек дегендей. Яғни Ресей мен Беларусьте экономикалық кеңістік бір, кеден де, салық та ортақ. Енді бұл одақта қалай көрінуі керек? Егер ойыншы пайда болса, онда одақтағы басқа елдерге аз үлес тиеді. Мысалы, Ресей онсыз да кедендік баждың көп бөлігін алып келді. Ресей мен Беларусь біріксе, одан да көп пайда табады. Яғни мұнда мәселе тек экономикалық сипатта болды, – деді Досым Сәтпаев.

Армения, Беларусь, Қазақстан және Қырғызстан Мәскеу жетекшілік ететін Еуразия экономика одағына мүше. Одаққа мүше елдер өзара тауар еркіндігіне келіскен. Ресей іс жүзінде ЕАЭО елдерін өз өнімдерін өткізетін нарыққа айналдырған. Қырғызстан ЕАЭО ішкі нарығындағы кедергілер жөнінде жиі айтып келеді.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »