Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде «қаржы пирамида ісі» бойынша қамалғандардың бірі «өзіне қол салмақ» болды

newstaraz.kz

Ақтөбеде «қаржы пирамида ісі» бойынша қамалғандардың бірі «тергеу барысына қарсылық білдіріп өзіне қол салмақ болды». Бұл жөнінде айыпталушының туысы Азаттыққа хабарлады. Полиция мен прокуратура айыпталушының суицид жасамақ болғанын растады.

Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті 7 сәуірде тұтқынның өміріне қауіп жоқ екенін айтты.

Ақпаратқа қарағанда, 6 сәуірде Ақтөбедегі тергеу изоляторында «менің өліміме ІІД тергеушілерін (аты-жөндерін атаған) кінәлауыңызды сұраймын» деп үшкір затпен тырнап жазып алған Мейірхан Сақтағановты жанындағылар шешіп алған. Кейін ауруханаға жеткізілген.

«Выгодный займ» қаржы ұйымының өкілі Мейірхан Сақтағанов — Ақтөбеде «қаржы пирамидасын» құрып, жалпы сомасы 33 млрд теңге залал келтірді деп айыпталған 49 адамның бірі.

Әйелі Жанар Есенжолованың сөзіне қарағанда, күйеуі ақпан айында тергеушілердің осы іс бойынша заттай айғақтарды көрсетуін талап етіп, бір апта аштық жариялаған.

– Том-том айыптау бар. Бірақ тергеушілер заттай айғақтарды (пәтер, автокөлік құжаттарын ) көрсетпей отыр. Күйеуім соған наразылық білдіріп, бір апта ас ішпеді, -дейді Жанар Есенжолова Азаттық тілшісіне. Ресми орындар оған күйеуінің өміріне қауіп жоғын айтқан. Күйеуі қазір тергеу изоляторында.

Ақтөбе полициясы мен прокуратура Сақтағановтың өзіне қол салмақ болғанын растады. Бірақ ресми ақпаратты түстен кейін жариялайтынын айтты. Ал Ақтөбе облыстық қылмыстық атқару жүйесі комитетінің өкілдері Азаттыққа «тұтқынның өміріне қауіп жоқ» деп мәлімдеп, қалған ақпаратты баспасөз хатшысынан алу керектігін айтты.

Былтыр жазда Ақтөбеде «17 мыңнан астам қазақстандықтың қаржысын алаяқтық жолмен иемденді» деп айыпталған «қаржы пирамидасымен айналысқан» бірнеше компания өкілдеріне қатысты сот басталған. Сақтағанов осы сот аясында қаралған істер бойынша айыпталушы.

Айыпталушыларға «қаржы пирамидасын құрды», «ұйымдасқан қылмыстық топ құрды», «ұйымдасқан қылмыстық топтың әрекетіне араласты», «алаяқтық жасады», «заңсыз банктік қызметпен айналысты» деген бірнеше айып тағылған.

2020 жылдан бері Қазақстанның әр аймағында бірнеше компанияға ақша салған салымшылар қаржыларын қайтара алмай жүргенін айтып, биліктен көмек сұраған. Салымшылар компаниялардың кеңсесіне барып, ақшаларын қайтаруды талап еткенімен нәтиже шықпаған.

Кейінірек Қазақстан ішкі істер министрлігі тұрғындар шағымы бойынша қаржы пирамидасымен айналысатын «Гарант 24 Ломбард», «Выгодный займ» және «ESTATE Ломбард» компаниясы құрылтайшыларына қатысты ондаған қылмыстық іс қозғалғанын хабарлаған еді.

Источник

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »