Ақтөбе облысында үш рет мас күйінде ұсталған ауыл тұрғыны түрмеге қамалды
Әкімшілік құқық бұзғаны үшін ол 3 күнге қамауға алынды.
Бір жылдың ішінде үш рет полицейлерге мас күйінде ұсталған Байғанин ауданының тұрғыны сотталды, — деп хабарлайды Аktobenews.kz.
21 қараша күні күндізгі сағат 16:10 шамасында Байғанин ауданының тұрғыны тағы да мас болған. Ол қоғамдық орында ішімдік ішіп отырды.
Соттың қаулысына сәйкес, ауыл тұрғыны кінәлі болып танылды. Әкімшілік құқық бұзғаны үшін ол 3 күнге қамауға алынды.
newstaraz.kz