Ақтөбе тұрғыны тіркеуді тексеріп келген полицейлерге отынның жоғын айтып, жылап қалды
Жылап тұрған тұрғын. Скриншот 31-ш арнадағы видеодан алынды
Назар — әдетте тұрақты тіркеуде бола бермейтін саяжай тұрғындарында. Алайда бау-бақша кооперативіндегілерді дау тудырған тіркеу мәселесінен гөрі, тұрмыстың тауқыметі көбірек алаңдататын сыңайлы.
Қаланың шетінде тұрса да отын, су, жарық, жолдан ада болып отырған тұрғындардың айтар наздары көп. Мәселен ақтөбелік тұрғын тіркеуді тексеріп келген полицейлерге отынның жоғын айтып, жылады.
«Көмек керек. Отын жоқ. Балаларым таңертең тұрғанда үй сап — салқын болып тұрады», — дейді тұрғын Самал Бижанова.
Полицейлердің санақты бау-бақша учаскелерінен бастауы ондағы көп тұрғынның тіркеуде болмай шыққаны себеп-ті. Дегенмен бүгінде сол анықталған тіркеуде жоқ 33 000 тұрғынның 4000-ын әлі таба алмай отырмыз дейді. Ал науқан басталғалы бері облыс бойынша 750 тұрғын уақытша тіркеуге тұрған. Оның 685-і қаланың еншісінде екен.
«Себебі, тексеріс барысында азаматтардың аты-жөндерін толық айтпауы, туған жылдарын дұрыс көрсетпеу, сол себепті орталық дерек қордан тексеруге мүмкіншілік болмай отыр», — дейді Ақтөбе облысы Ішкі Істер департаменті көші-қон полиция басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Хайруллин.
newstaraz.kz