Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде 22 жастағы келіншекті қайын ағасы үйден қуып жіберген

newstaraz.kz

Ақгүл Амангелдиева. Фото: nur.kz

Ақтөбеде 22 жастағы келіншек сот жағалап жүр. Ол өзін аяусыз соққының астына алған жолдасын жазалауды көздейді деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

«Тұрмыс құрғаныма 2 жыл болды. Екі қызым бар. Құршысай ауылында енемнің қолында тұрдық. Жолдасым бұрын үйленген адам. Мен оның екінші әйелімін. Ол ашуланған кезінде маған қол көтереді. Бір рет теледидар қарап отырған кезімде «Бұл үйге қатын бола алмайсың» деп ұрысып, сол жерде айқай болып, таяқ жедім.

Мені қуып жіберу үшін мамасы інісін шақырды. Көкесі бір баламды жетектетіп үйден шығарып жіберді. Емшектегі екінші баламды «баға алмайсың» деп енем бермей отыр», — дейді Ақгүл Амангелдиева.

Келіншек өзінің отбасылық өмірі таяқ жеумен өткенін айтады. Сол себепті де күйеуінің соққыға жыққанын айтып, сотқа арыз жазған.

«Үйде үнемі ұрыс-керіс. Бір рет мені ауру деп жындыханаға жатқызбақ болды. Дәрігер шақырып, жүйке жүйесі ауыратындардың ауруханасына апарып тастауды сұрады. Бірақ, олар мені алып кеткен жоқ. Жолдасымның ашуланған кезде көзі көрмей кетеді. Ол үйге қонақ келіп жатқанда қарындасының басын ісіріп қойған. Мамасының да «жұмысқа кір» деген сөзін көтере алмай өз шешесіне қол көтерді», — дейді Ақгүл.

Келіншек енді жолдасымен ажырасып, Оралда жекенің малын бағатын әкесінің қолына барып тұратынын айтты.

Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »