Новости на Newstaraz.

Ақтөбеде алты гей жыныстық жолмен ВИЧ жұқтырған

newstaraz.kz

Ақтөбе облысында жыныстық жолмен ВИЧ жұқтырғандар көбейіп барады. Бұл жөнінде облыстық ЖИТС орталығының мамандары айтты деп хабарлайды Kerek-info.

Ақтөбелік дәрігерлер жыныстық жолмен ВИЧ жұқтырушылардың көбейіп бара жатқанына алаңдаулы. Керісінше, инемен есірткі қолданатын нашақорлардың арасында ауруға шалдыққандар саны азайып келеді. 2006 жылы бұл көрсеткіш 93 пайызды құраса, қазір олардың 15 пайызы ғана ВИЧ-ке шалдыққан. Әсіресе, мамандар жұқпалы аурудың жастар арасында белең алып бара жатқандығын айтады. Жыл басынан бері ВИЧ инфекциясына қатысты 10 дерек тіркелді. Оның жетеуі –жыныстық жолмен жұқтырғандар.

«Бұрын бұл індетке коммерциялық секс қызметкерлері мен нашақорлар ғана шалдығатын. Енді жаппай халықтың арасына тарап бара жатқандығы алаңдатады. Әсіресе ер адамдар көп. Тіркеуде тұрғандардың 57,8 пайызы ер адам болса, 42,2 пайызы — әйелдер. Өйткені қыз-жігіттер бей-берекет жыныстық қарым-қатынасқа барады. Интернет пен кафеде танысып, бейтаныс адамдармен жақындасады. Бізге келгендер ер адамдар 10-12 серігі болғанын айтады. Бірақ бірінің де толық аты-жөнін не телефонын білмейді. Осыдан кейін ВИЧ жұқтырғандарды табу қиынға түседі», — дейді ЖИТС орталығының профилактика бөлімінің меңгерушісі Айжан Жайлаубаева.

ВИЧ жұқтырғандар Хромтау мен Бадамшада көп. Дәрігерлер мұны бұл өңірлердің Ресеймен шекаралас жатқандығымен байланыстырады. Бір ғана Орынбор облысында ВИЧ індетіне 20 мыңнан астам адам шалдыққан. Әзірге Әйтеке би мен Ойыл ауданында ВИЧ жұқтырғандар тіркелмеген. Алайда бұл індетке шалдыққандар мүлдем жоқ деген сөз емес. Өйткені дәрігерлер өз еркімен келгендерді ғана тексереді. Ауыл жастарының ВИЧ туралы хабары аз. Жыныстық қарым-қатынастан сақтану жолдарын білмейді. ЖИТС орталығының мамандары, әсіресе, өзге елден келген жезөкшелерді бақылаудың қиындығын айтады.

«Қазір біз Ақтөбедегі коммерциялық секс қызметкерлерінің 80 пайызын қамтып отырмыз. Аптасына екі рет сауналар мен теміржол маңдарында түнгі рейд жүргізіп, достық кабинетінде жеке қабылдау жүргіземіз. Бірақ өзге облыстардан, Өзбекстаннан келетіндерді бақылау қиын. Өйткені ол елде алдын алу жұмыстары жүргізілмейді. Олардың көпшілігі клиенттерінің мүшеқап қолданудан бас тартатындығын айтады», — дейді бөлім меңгерушісі.

Ақтөбе облысында ерлер мен ерлердің арасындағы жыныстық қатынастан ВИЧ жұқтырғандар да бар екен. Ең алғашқысы 2010 жылы тіркелген. Қазір ВИЧ жұқтырған алты гей тіркеуде тұр. Ең соңғы дерек өткен жылдың соңында анықталған. 28 жастағы ер адам дәрігерлерге өзінің еркектермен жақын қарым-қатынаста болғандығын айтыпты.

Бүгінгі күнге дейін Ақтөбе облысында ВИЧке шалдыққан 348 адам тіркелген. Оның 268-і ел азаматтары болса, қалғандары шетелден келгендер.



Винтоверт DeWalt PowerStack DCF850E1T-QW АКБ и ЗУ в комплекте

newstaraz.kz
Вам также могут понравиться

Оставьте ответ

Ваш электронный адрес не будет опубликован.

newstaraz.kz

where to buy viagra buy generic 100mg viagra online
buy amoxicillin online can you buy amoxicillin over the counter
buy ivermectin online buy ivermectin for humans
viagra before and after photos how long does viagra last
buy viagra online where can i buy viagra
Translate »